Медицина саласындағы жетекші сарапшылар денсаулық сақтаудың болашағын талқылады

Nazarbayev University (NU) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және GX Foundation қорымен бірлесіп, «Жаһандық медицинаның жаңа бағыттары: инновациялар, орнықтылық және тәжірибе алмасу» атты семинар өткізді. Іс-шараға Қытайдан және басқа елдерден келген жетекші медицина сарапшылары, сондай-ақ денсаулық сақтау және бизнес салаларының 100-ден астам өкілі қатысты. Қатысушылар медицина ғылымы мен денсаулық сақтау практикасындағы соңғы жетістіктер мен жаңа […]
Nazarbayev University Times Higher Education рейтингінде алғаш рет ТМД бойынша бірінші орынға шықты

NU алғаш рет Times Higher Education World University Rankings 2027 рейтингіне енген ТМД елдерінің университеттері арасында бірінші орынға шықты. Жаңа рейтингте университет 376–400 аралығындағы орындарға орналасты және өңірдегі бірқатар жетекші жоғары оқу орындарынан, соның ішінде Мәскеу физика-техникалық институтынан (401–450), Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінен (551–600) және Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінен» […]
Мемлекеттік саясат және бизнес саласындағы бағдарламалар халықаралық мәртебесін растады

NU-дың екі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектебінің мемлекеттік саясат және бизнес салаларындағы білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан және қайта аккредитациядан өтті. 23 қыркүйекте NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (GSPP) мемлекеттік саясат саласындағы докторантура (PhD) бағдарламасы Мемлекеттік басқару саласындағы аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (EAPAA) халықаралық аккредитациясына алғаш рет ие болды. Сонымен қатар EAPAA «Мемлекеттік […]
Жеті ABET аккредитациясы білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіреді

Nazarbayev University-дің STEM бағытындағы бакалавриаттың жеті білім беру бағдарламасы халықаралық ABET аккредитациясынан өтті. Бұл аккредитация бағдарламалардың халықаралық сапа талаптарына сәйкестігін растап, NU-да берілетін білімнің халықаралық деңгейде танылуын күшейтеді. Аккредитациядан Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебінің, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің, Инженерия мектебінің және Медицина мектебінің төменде көрсетілген білім беру бағдарламалары ABET-тің тиісті аккредиттеу комиссиялары […]
NU жаһандық рейтингте қатарынан екінші жыл 100 позицияға көтерілді

Nazarbayev University Times Higher Education (THE) World University Rankings рейтингінде өз позициясын нығайтуды жалғастырып, соңғы екі жылда 200 орынға көтерілді. 2025 жылы университет 501–600 аралығында орналасса, келесі рейтингте 401–500 аралығына көтерілді. Ал биылғы рейтингте 376–400 аралығына енді. NU ТМД елдерінің университеттері арасында 1-орынға көтерілді. Бұл өткен жылғы 4-орынмен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Сонымен қатар университет Қазақстан […]
Өнеркәсіппен өзара іс-қимылды кеңейту: автомобиль саласымен ынтымақтастық

NU делегациясы кадр даярлау, қолданбалы зерттеулер жүргізу және өндіріске инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Қостанайдағы Allur және Kia Qazaqstan өндірістік алаңдарына барды. Сапар барысында NU провосты, профессор Рехан Садик және вице-провост Бьёрн Биргиссон автомобиль кәсіпорындарының қызметімен танысты. Негізгі назар университет пен өнеркәсіптік серіктестер арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарына, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ […]
10-нан астам елдің археологтары Еуразия далаларын зерттеу нәтижелерін ұсынды

2026 жылғы 24–25 қыркүйекте Nazarbayev University-де (NU) «Еуразия даласының Ұлы белдеуі: уақыт пен кеңістіктегі мәдениеттердің трансформациясы» атты II халықаралық археологиялық симпозиум өтті. Іс-шараны NU мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды. Симпозиум Археология институтының 35 жылдығына орай өткізілді. Симпозиумға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, […]
NU SCAI: жасанды интеллект экономикасына мамандар даярлауға жаңа қадам

Nazarbayev University-де өткен Ашық есік күнінде Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебінің (School of Computing and Artificial Intelligence, SCAI) ресми ашылуы өтті. SCAI – Қазақстанда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы мамандарға және ғылыми зерттеулерге сұраныстың артуына байланысты құрылған Nazarbayev University-дің жаңа бастамасы. Мектеп NU-дың компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект, математика және робототехника бағыттарындағы білім беру […]
NU мен СЖРА демография саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту мәселесін талқылады

Nazarbayev University мен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі демография саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жоспарланған бағыттардың қатарында демографиялық талдау және болжау бойынша оқу курстарын әзірлеу бар. Бұл бастама NU Президенті профессор Вакар Ахмад пен СЖРА төрағасының орынбасары Әділ Құсмановтың кездесуінде талқыланды. Кездесуге NU академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Саманта Смит, […]
NU Fest: Generation AI фестиваліне 20 мың қонақ қатысты

26 қыркүйекте NU-да университет тарихындағы ең ауқымды Ашық есік күні — NU Fest: Generation AI өтті. Іс-шараға 20 мыңға жуық қонақ қатысты. Болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналары бір күн ішінде университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, NU-ды ішінен көріп, оқу кезінде және университетті бітіргеннен кейін студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынылатынын біле алды. NU Fest фестивалінің ашылуында ҚР […]