Біз туралы

Әкімшілік

Басшылық

Nazarbayev University (NU) басшылығы Университеттің стратегиялық дамуын және күнделікті тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне ішкі саясатты әзірлеу, қаржы мен ресурстарды басқару, академиялық және әкімшілік бөлімшелерді үйлестіру, мемлекеттік және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибеге сәйкес білім беру мен ғылыми зерттеулердің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету кіреді.
NU ішкі жедел басқару құрылымына мыналар кіреді:
  • Басқарушы кеңес — негізгі атқарушы орган;
  • Академиялық кеңес — академиялық және білім беру мәселелеріне жауапты орган;
  • Ғылыми кеңес — ғылыми-зерттеу қызметіне жауапты орган.

Басқарушы кеңес

Басқарушы кеңес Университетті жедел басқаруға жауапты алқалы атқарушы орган болып табылады. Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңестің шешімдеріне сәйкес әрекет ете отырып, ол Университеттің күнделікті қызметіне жалпы басшылық жасайды және оның даму стратегиясының іс жүзінде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Басқарушы кеңес Қамқоршылық кеңеске есеп береді.

Басқарушы кеңестің құрамына мыналар кіреді:
  • NU Президенті
  • Провост
  • Атқарушы вице-президент
  • Медицина жөніндегі вице-президент – Медицина мектебінің деканы
  • Тиісті бағыттарға жетекшілік ететін вице-президенттер
Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53