- Foundation бағдарламасы
- Бакалавриат
- Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар
- Халықаралық студенттер
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Назарбаев Университетінде оқу қай тілде жүргізіледі?
Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.
NUFYP-та тек қана бір курсты алып, оқуға болады ма?
Ондай мүмкіндік жоқ. Бағдарламада оқу үшін оқуға түсу қажет.
НУ-дағы NUFYP бағдарламасында оқып, өз еркімен оқудан шығарылған талапкерлер үшін қайта түсуге шектеулер бар ма?
Университеттен өз еркімен шығарылған NUFYP студенттері тек бакалавриат бағдарламасының конкурсына қатыса алады.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет пе?
Назарбаев Университетіне түсу кезінде ағылшын тілінде тапсырылған ҰБТ баллдары тек жалпы қабылдауда ғана ескеріледі. Ең төменгі талаптар Жалпы қабылдау бөлімінде көрсетілген. Берілген талаптар қаржылай көмек және/немесе гранттар конкурсында қарастырылмайды.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін аттестаттың орташа балы қандай болуы қажет?
Ең төменгі GPA талаптары Қабылдаудың стандартты талаптары бөлімінде көрсетілген. Берілген талаптар қаржылай көмек және/немесе гранттар конкурсында қарастырылмайды.
NUFYP бағдарламасы бойынша конкурс қанша кезеңнен тұрады?
Талапкерлерді іріктеу конкурсы келесі кезеңдерден тұрады:
1. I кезең – онлайн өтінім беру;
2. II кезең – қабылдау емтиханы;
3. III кезең – II кезеңде және ағылшын тілі тест нәтижелері бойынша қажетті балдарды жинаған талапкерлердің құжаттарын қарастыру;
4. Талапкерлердің жинаған балдары негізінде құрылатын рейтингке сәйкес талапкерлерге оқуға шақыру хаттарын жіберу;
5. Оқуға қабылдау үшін талапкерлердің құжаттарының түпнұсқасын қабылдау (Студенттерді оқуға қабылдау офисі сұранысы бойынша).
*Күту тізіміндегі талапкерлер оқудың басталу уақытына дейін бос орындар пайда болған жағдайда (басқа талапкерлер оқуға шақыру хатынан бас тарту себебінен), оқуға шақыру хатын алуы мүмкін.
Талапкердің қабылдау емтихандары бойынша қажетті ең төменгі өту балдарын жинауы NUFYP бағдарламасына автоматты түрде түсуіне және грант иегері болуына кепілдік бермейді. Талапкерлер жыл сайын Қазақстан Республикасының ҒЖБМ бөлетін грант санына байланысты мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурсына қатысады. Басқа гранттар бойынша квоталарды Университет анықтайды.
Қабылдау емтихандары туралы ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
NUFYP бағдарламасына өтінім беру әрекеттері қандай?
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкер келесі қадамдарды орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында онлайн тіркелу және Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды тапсыру;
3. Тіркелу жарнасын төлеу және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінім беру процесін аяқтау.
Өтінім жарнасы 10000 теңгені құрайды (сома қайтарылмайды). Өтінім қабылдау мерзімінің соңғы екі аптасында, сонымен қатар, аталған мерзімді ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасының құны үш есе өседі — 30000 теңге.
4. IELTS/TOEFL сертификат нәтижелерін ұсыну;
5. Келесі қадамдар. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты жіберіп алмау үшін өтінім беру нысанында көрсетілген электрондық поштаны және өтінім статусын тексеру үшін Жеке қабинетті үнемі тексеріп отыру қажет.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін тіркелу жарнасы қандай?
NUFYP бағдарламасына өтінім беру кезіндегі тіркелу жарнасы 10000 теңгені құрайды (өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы екі аптасында және аталған мерзім ұзартылған жағдайда тіркелу жарнасының сомасы үш есе өседі). Бұл сома қайтарылмайды. Тіркелу жарнасы талапкердің Жеке кабинетінде интернет арқылы төленеді. Банк арқылы төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды.
Егер порталда Жеке кабинетті ашу кезінде электрондық пошта қате көрсетіліп, сайтта талапкер көрсеткен ЖСН жүйеде бар екендігі туралы хабарлама пайда болуына байланысты тіркелуді қайта өту мүмкін болмаса, не істеу қажет?
Ол үшін ЖСН (ҚР азаматтары үшін), толық аты-жөнін және мәселені толық сипаттап, undergraduate_admissions@nu.edu.kz поштасына хат жазу керек. Қате мәліметтер көрсетілген тіркелу жойылғаннан кейін, талапкерге оның бастапқы сұранысына жауап ретінде хабарлама жіберіледі және дұрыс мәліметтерді көрсете отырып, қайтадан жаңа Жеке кабинетті ашуға болады.
Егер талапкер Жеке кабинетке кіре алмаса не істеу керек?
Мәселені шешу үшін ЖСН (ҚР азаматтары үшін), толық аты-жөнін, мәселенің толық сипатын және қате көрсетілген беттің скриншотын undergraduate_admissions@nu.edu.kz поштасына жіберу қажет.
Талапкер Жеке кабинеттің құпиясөзін ұмытып қалса не істеуі қажет?
admissions.nu.edu.kz порталында “reset password” функциясын қолдану қажет.
Тіркелу жарнасын төлеуде қиындықтар туындаса не істеу қажет?
Банк картасында интернет транзакцияларын жасау қолжетімділігін тексеру қажет. Егер онлайн төлемдерді жасау рұқсаты бар болса, алайда мәселе сонда да шешілмесе, банкке хабарласу және мәселені толық сипаттап, қате көрсетілген беттің скриншотын undergraduate_admissions@nu.edu.kz поштасына жіберу қажет.
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру үшін NUFYP бағдарламасының өтінім беру нысаны қайда орналасқан?
admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат/Undergraduate» бағдарламасын, одан кейін Foundation and Undergraduate Programs бағдарламаларын таңдап, Application Form for the Foundation and Undergraduate Programs өтінім беру нысанын ашып, толтырыныз.
Өтінім беру нысанын бір күн ішінде толтыру қажет пе?
Жоқ, өтінім беру нысанын онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін бірнеше рет толтыра аласыз. Бұл жағдайда, енгізілген деректерді «Save» батырмасын басу арқылы сақтап отыру қажет. Толтырған өтінім беру нысаны Жеке кабинетте сақталады және онда соңғы өзгерістер енгізілген күні мен уақыты көрсетілетін болады. Келесі жолы өтінім беру нысанын толтыруға оралғанда жаңа нысанды толтырмай, сақталған өтінім беру нысанын таңдау қажет. Өтінім беру нысанын толтыруды аяқтағаннан кейін «Upload» батырмасын басу қажет.
Өтінім нысанын толтыру, құжаттарды жүктеу, тіркеу жарнасын төлеу бойынша белгілі бір тәртіп бар ма?
Талапкердің Жеке кабинетті ашуы барысында өтінім беру бойынша толық нұсқаулық ашылады. Талапкер оған өтінім нысанын толтыру, құжаттарды жүктеу, тіркелу жарнасын төлеу кезінде, яғни, кез келген уақытта жүгіне алады.
Linguaskill тест нәтижелері қарастырылады ма?
Жоқ, Linguaskill нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
IELTS/TOEFL нәтижелерін қалай ұсынуға болады?
Егер емтихан нәтижесі ең төменгі талаптарға сай келсе, көрсетілген мерзімге дейін келесі қадамдарды орындау қажет:
- Сертификаттың электрондық нұсқасына тапсырыс беру қажет. Сертификат Назарбаев Университетіне Тест әкімшісі арқылы жіберілуі тиіс (British Council, ETS және т.б.).
Түсіндірме: IELTS/TOEFL тестіне тіркелу кезінде талапкер сертификаттардың электронды нәтижелерін жіберу үшін бірнеше университетті көрсете алады. IELTS үшін «Nazarbayev University» және TOEFL үшін «6762» кодын көрсету арқылы Назарбаев Университетіне сертификатты жіберуге тапсырыс беруге болады. Әр сертификаттың реттік нөмірі арқылы университеттер нәтижелердің дұрыстығын тексере алады. Егер талапкер IELTS/TOEFL емтиханын тапсырмас бұрын НУ-ға электронды тегін жіберілімді ұсыну туралы ақпаратты белгілемеген болса, Тест орталығына хабарласу арқылы сертификатқа тапсырыс бере алады.
- Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне сертификат мәліметін және оның сканерленген көшірмесін жүктеу қажет. TRF/Appointment number енгізгеннен кейін басқа деректер автоматты түрде толтырылады. Егер деректер автоматты түрде пайда болмаса, келесі қателердің бірі болуы мүмкін:
- Тест әкімшісінен ресми электронды нәтижелер НУ-ға түскен жоқ;
- өтінім беру нысанында қателіктер бар;
- сертификатта қате бар.
Маңызды: сертификаттың сканерленген көшірмесін Университеттің электрондық поштасына және қағаз түріндегі түпнұсқасын пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ.
IELTS Indicator, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылатын сертификаттар 2026 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болуы қажет, яғни, 2024 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылған тест нәтижелері қабылданбайды..
IELTS/TOEFL сертификатын ұсынудың соңғы мерзімі сайтта көрсетілген.
IELTS/TOEFL үшін Superscoring бар ма?
Жоқ, IELTS/TOEFL үшін Superscoring (екі немесе одан да көп сертификаттың барлық емтихан бөлімдері бойынша ең жоғары ұпайларды қолдану арқылы ең жоғары жалпы балды алу) қолданылмайды. Бірақ, бекітілген мерзімге дейін бірнеше сертификат ұсынуға болады. Конкурста тек соңғы ұсынылған/жүктелген сертификат қарастырылатынын, ал бұған дейін ұсынылған сертификаттың мәліметтері жойылатынын ескертеміз.
Қосымша IELTS/TOEFL сертификатын ұсынудың мерзімі қандай?
Қосымша IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну мерзімін “Маңызды күндер” бөлімінде сілтеме арқылы қадағалауға болады.
НУ-да IELTS, SAT тесттеріне дайындалуға және/немесе тапсыруға болады ма?
Өкінішке орай, Назарбаев Университеті дайындық пен аталған тесттерді тапсыруды жүзеге асырмайды. Тестті Қазақстанның басқа ресми тест орталықтарында тапсыруға болады.
NUET дегеніміз не?
NUET (Nazarbayev University Entrance Test) – НУ серіктесі әзірлеген Математика және Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары бойынша стандартталған қабылдау емтиханы. NUET туралы ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
NUET емтиханынан босатылу үшін SAT тест нәтижелерін ұсынуға бола ма?
Қазақстан азаматтарынан SAT нәтижелері NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсында қарастырылмайды. Шетел талапкерлері NUFYP бағдарламасының конкурсына қатысу үшін SAT/ACT нәтижелерін ұсына алады.
NUET бойынша оқу материалдарын қайдан табуға болады?
NUET емтиханына дайындық материалдары сілтеме бойынша қолжетімді. Сонымен қатар, олар Дайындық мектеп сайтында жарияланған.
НУ-да NUET-ке дайындау курстары бар ма?
Назарбаев Университетінде NUET-ке дайындау курстары жоқ. Дегенмен, дайындық материалдарын “Пайдалы ресурстар” бөлімінде және Дайындақ мектебінің сайтында да табуға болады.
NUFYP бағдарламасына қанша грант бөлінеді?
2024 жылы 556 грант бөлінді. Мемлекеттік гранттар саны Қазақстан Республикасы ҒЖБМ-мен анықталады. НУ қаражаты есебінен қаржыландырылатын гранттардың санын Университет ағымдағы студенттердің санын ескере отырып, ПОҚ қуаты, сыйымдылығы, жүктемесі негізінде айқындайды. Гранттар талапкерлердің рейтингісіне сәйкес қабылдау емтихандары бойынша жинаған балдарына байланысты бөлінеді. Қабылдау емтихандары бойынша балл неғұрлым жоғары болса, грант алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Мемлекеттік грант көптеген талапкерлер үшін қол жетімді.
NUFYP бағдарламасына ақылы оқуға қалай түсуге болады?
NUFYP бағдарламасына ақылы негізде қабылдану үшін өтінімді admissions.nu.edu.kz порталында беру керек. Ең төменгі талаптар Жалпы қабылдау бөлімінде берілген.
NUFYP бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін бакалавриат бағдарламасына өту үшін IELTS немесе NUET емтихандарын қайта тапсыру қажет пе?
Жоқ, қажет емес. NUFYP бойынша оқу жоспарында көрсетілген курстарды аяқтағаннан кейін талапкер Дайындық мектебі өткізетін қорытынды емтихандарды тапсырады және admissions.nu.edu.kz порталында өтінім береді.
Жатақханада тұру құны қандай?
Жатақхана жайлы ақпарат алу үшін Студенттермен жұмыс жүргізу департаментіне student_housing@nu.edu.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.
NUFYP бағдарламасы студенттерінің айлық шәкіртақысы қандай?
NUFYP бағдарламасы студенттері ай сайын 44, 516 теңге мөлшерінде шәкіртақы алады.
Оқуға шақырудан бас тартқаннан кейін кепілдік жарнаны қалай қайтаруға болады?
Оқуға шақыру хатынан бас тартқан жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны қайтару шарттары кепілдік жарнаны төлеу нысанында көрсетілген барлық талаптарды орындау мен НУ-мен шартқа қол қою болып табылады.
Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламалары бойынша қандай мамандықтарды ұсынады?
Бакалавриат бағдарламасына тікелей түскісі келетін талапкерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкерге келесіні орындау қажет:
- Мамандықты және Назарбаев Университетінің қай Мектебін таңдайтындығыңызды алдын-ала айқындап, сондай-ақ талапкер категориясын дұрыс таңдау қажет. Себебі, қандай емтихан тапсыратындығыңыз осыған байланысты болады;
- Қажетті емтихандарға тіркелу және оларды тапсыру (мысалы, қалаңыздағы тестілеу орталықтарында). Емтихандардың электрондық нәтижелерін жіберу бакалавриат бағдарламалары конкурсына қатысудың міндетті талабы болып табылады. Электрондық нәтижелерді жіберу үшін талапкерге тест әкімшісіне хабарласу қажет (IELTS – British Council/InterPress, TOEFL – ETS, SAT – College Board) және электрондық нәтижелердің Назарбаев Университетіне жіберілуіне тапсырыс беру немесе тестке тіркелу барысында Университетті белгілеу керек.
- admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы тек қана онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді. Банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды. Бакалавриат бағдарламасына өтінім беру кезіндегі тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды (тіркелу жарнасының құны жабылар алдында соңғы екі апта ішінде өтінім бергендер үшін және ұзартылған жағдайда үш есе артады);
- Сауалнама нысанын толтырып, белгіленген мерзімге дейін қажетті құжаттарды жүктеу. Құжаттар тізімі мына сілтемеде «Талапкерлерге арналған құжаттар тізімі» бөлімінде орналасқан. Сонымен қатар, «Pay and Submit application» батырмасын басуды ұмытпаңыз.
Оқуға түсу кезінде бірнеше Мектеп және/немесе мамандық таңдауға болады ма?
Егер талапкер Назарбаев Университеті Мектебінің бірінші таңдауы бойынша оқуға түспесе, талапкерді оның екінші таңдауы бойынша қарастыра ма?
Студент оқуға түскеннен кейін мамандығын және Мектебін ауыстыра ала ма?
Бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмыс істеу керек пе? Қандай талаптар мен шарттар бар?
Назарбаев Университеті Қазақстанның барлық оқу орындары сияқты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік грант есебінен білім алған Қазақстан азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.
Талакерлердің санаттары дегеніміз не және олар неліктен маңызды?
Талапкердің санаты ол оқитын немесе бітірген оқу орнымен немесе ескерілетін жетістіктерімен талапкерлерді қарау кезінде анықталады.
Бакалавриат бағдарламаларына қаржылақ көмек және/немесе грантты алуға конкурсқа қатысуда Назарбаев Университеті келесі санаттарды қарастырады:
- SAT/ACT талапкерлері;
- A-level/NIS Grade 12 Certificate бағдарламасының түлектері;
- IВ Diploma Program бағдарламасының түлектері мен оқушылары;
- Халықаралық және/немесе республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары;
- Ауысатын студенттер (басқа жоо-ларда білім алып жатқан студенттер);
- NUET талапкерлері.
Әр санат бойынша қабылдау талаптары әртүрлі. Сондықтан талапкер өзіне сәйкес келетін санатты дұрыс таңдауы қажет.
Талапкер бір уақытта екі санат бойынша онлайн өтінім бере ала ма?
Қай санат басымдыққа ие? Санаттар арасында гранттар саны қалай бөлінеді?
Студент басқа университеттен кредиттерді аудара ала ма?
Назарбаев Университетінен өз еркімен оқудан шығарылған бұрынғы бакалавриат студенттері қайтып оралып, Назарбаев Университетінде оқуын жалғастыра ала ма?
Тәртіптік емес себептермен Университеттен өз еркімен шығарылған Университеттің бакалавриат бағдарламасының бұрынғы студенттері үшін екі ерекше шарт қолданылады:
- Университеттен шығарылғаннан кейін 5 жыл ішінде бұрынғы студенттер Регистратор офисі белгілеген қайта қабылдау рәсімінен өтуі тиіс. Осы бұрынғы студенттер үшін Университеттің барлық ECTS кредиттері мен бағалары оларды қайта қабылдау рәсімінің бөлігі ретінде қабылданады;
- Университеттен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткеннен кейін, бұрынғы студенттер жаңа студент ретінде қайта өтініш беруі керек.
Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет пе және аттестаттың орташа балы ескеріле ме?
Бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру қажет?
NUET емтиханы қайда өтеді?
Өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін санатты өзгертуге болады ма? NUET емтиханын тапсырғаннан кейін «NUET Талапкерлері» санатын басқа санатқа ауыстыруға бола ма?
NIS Grade 12 Certificate бағалауда қай пәндерге басымдық беріледі және ол пәндердің таңдаған мамандыққа сәйкес болуы маңызды ма?
NIS Grade 12 Certificate санатындағы талапкердің бағалары үш пән бойынша A B B, қалған пәндерден C және одан төмен болса, ол ең төменгі талаптарға сай келе ме?
Сіздерде қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратура және докторантура бағдарламалары бар ма?
Жоқ. Барлық магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. Тек Басшыларға арналған МВА бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылғанымен, сабақ барысында орыс тіліне ілеспе аударма қолданылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін түсу емтихандарын немесе кешенді тест тапсыру керек пе?
Назарбаев Университетіне түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері қарастырылмайды.
Барлық бағдарламалар, егер бұрын түсуші ағылшын тілінде оқымаған болса, стандартталған ағылшын тілін білу тестін (IELTS/TOEFL) тапсыруды талап етеді.
Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы өтінімнің барлық элементтерін назарға ала отырып, түсушінің құжаттар топтамасын қарайды:
- мотивациялық хат, онда сіз белгілі бір мамандыққа түсу себептерін және сіздің дамуыңыз үшін осы таңдаудың салдарын ашасыз;
- таңдалған мамандыққа қатысты пәндер бойынша транскрипт және бағалар;
- алдыңғы тәжірибелер мен жетістіктерді көрсететін ұсыныс хаттар;
- қабылдау комиссиясымен сұхбат нәтижелері.
Жоғарыда айтылғандардан басқа кейбір бағдарламаларға GRE, GMAT, ALEKS емтихандар нәтижелері, жұмыс тәжірибесі қажет. Медицина мектебінің бағдарламаларына қойылатын талаптарда ерекше емтихандар бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға оқуға түскісі келетін үміткерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
-
Магистратура немесе докторантура бағдарламасын таңдау қажет. Сіз бір уақытта екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына құжат тапсыра аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
-
Бағдарламаға оқуға түсу талаптарын мұқият оқу және онлайн өтінім беруге құжаттарды дайындау.
-
Порталда таңдалған бағдарламаның белгілеген мерзімінде онлайн тіркелу және барлық құжаттарды жүктеу.
-
Шақырылған жағдайда, Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан сәтті өту. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді.
-
Сәтті қабылдау үшін бағдарлау аптасынан өтіп, сіз оқыған мектеппен келісімшартқа отыру керек.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға қалайша өтінім беруге болады және құжаттарды тапсыру мерзімі қандай?
Магистратура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімдері: Магистратура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Докторантура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімі: Докторантура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Сұхбат қалай жүргізіледі? Қандай сұрақтар қойылады? Неге дайындалу керек?
Сұхбат онлайн немесе офлайн түрінде ағылшын тілінде өтеді және 15 минут немесе одан да көп уақытқа созылады.
Әрбір Қабылдау комиссиясы бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлейді, сондықтан сұрақтар бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін. Сұхбатта университеттің Қабылдау комиссиясының мүшелері келесілерді тексеру үшін сұрақтар қоя алады:
- Сіздің академиялық тұрғыдан дайындық деңгейіңіз. Сіз оқу бағдарламаңызды сәтті аяқтай алу және таңдаған оқу бағдарламаңыздың академиялық талаптарын орындай алу мүмкіндігіңіз.
- Бәсекеге қабілеттілік. Қабылдау комиссиясының мүшелері Сіздің басқа үміткерлермен бәсекелесу қабілетіңізді бағалайды.
- Сіздің басымдықтарыңыз. Көбінесе оқуға түсушілер бір уақытта бірнеше оқу орындарына немесе бағдарламаларға құжаттарды тапсырады. Қабылдау комиссиясы қай университетке немесе бағдарламаға артықшылық бергіңіз келетінін сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, сұрақтар пәндік саланы білуге және Сіздің өтініміңізде ұсынылған ақпаратты ашуға қатысты болуы мүмкін.
- Сіз университеттің дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз ба? Студенттердің Университет өміріне белсенді қатысуы және оның дамуына барынша үлес қосуы өте маңызды.
- Әлеуеті. Қабылдау комиссиясы Сіз болашақта жақсы студент боласыз ба, таңдалған мамандыққа деген қызығушылығыңызды жоғалтпайсыз ба және Сізді оқуда жетістікке жетуге не итермелейтінін білу маңызды.
Көріп отырғаныңыздай, сұхбаттағы тақырыптар Сіздің мотивациялық жазбаңызбен тығыз байланыста.
Магистратураға/докторантураға түскім келеді. Менің бакалавр/магистр дәрежем бұрын таңдалған мамандыққа сәйкес келуі керек пе немесе басқа мамандықты таңдай аламын ба?
Алған дәрежеңіздің Назарбаев Университетінде таңдаған бағдарламаңызбен бірдей болуы шарт емес. Алайда, конкурсқа қатысуға өтінім берген үміткерлер бағдарламаға деген қызығушылықтарын мотивациялық хатта және сұхбатта негіздеуі тиіс.
Магистратурада, Резидентурада, Докторантурада оқу ұзақтығы қанша жыл?
| Оқыту түрі | Бағдарлама | Оқу ұзақтығы |
| Магистратура | Іскерлік әкімшілендіру магистрі | 16 ай |
| Қаржы жөніндегі ғылым магистрі | 16 ай | |
| Мемлекеттік басқару магистрі | 18 ай | |
| Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі | 20 ай | |
| Медицина докторы | 4 жыл | |
| Қалған бағдарламалар | 2 жыл | |
| Докторантура | Барлық бағдарламалар | 4 жыл |
| Резидентура
| Патологиялық анатомия | 3 жыл |
| Педиатрия | ||
| Отбасылық медицина | ||
| Терапия | ||
| Психиатрия | ||
| Акушерлік және гинекология | 4 жыл | |
| Анестезиология және қарқынды терапия | ||
| Офтальмология | ||
| Жалпы хирургия | 5 жыл | |
| Ортопедия және травматология | ||
| Радиология | ||
| Урология |
Егер қазіргі уақытта мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтсем, бірақ осы бағдарлама есебінен дәреже алмаған болсам, грант есебінен оқуға үміткер бола аламын ба?
Иә. Мемлекеттік білім беру гранты мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде және/немесе «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде немесе Қазақстанда тиісті білім беру деңгейінің дәрежесін бұрын игермеген адамдарға беріледі.
Назарбаев Университетінде ақылы оқыту бар ма?
Иә, Назарбаев Университеті ақылы негізде бағдарламалар ұсынады. Ақылы негіздегі оқыту туралы қосымша ақпарат алу үшін «Ақылы оқыту» бөлімін қараңыз.
НУ-ға магистратураға/докторантураға қалай ауысуға болады? Басқа университеттен ауысу мүмкін бе?
Магистратура/докторантура бағдарламасында оқып жүрсем немесе оқуды бітірген жағдайда, кредиттерімді аудара аламын ба?
Қабылдау туралы шешім қашан қабылданады?
Жұмыстан қол үзбей оқуға болатын магистратура бағдарламалары бар ма?
- Білім беруді басқару саласының ғылым магистрі (модульдік оқыту);
- Мемлекеттік басқару магистрі (демалыс күндері оқу);
- Мемлекеттік басқару магистрі онлайн-бағдарламасы (онлайн сабақтар);
- Іскерлік әкімшілендіру магистрі (апта ішінде онлайн, демалыс күндері офлайн сабақтар);
- Басшыларға арналған іскерлік әкімшілендіру магистрі (демалыс күндері оқыту).
Егер мен магистр/доктор дәрежесін мемлекеттік грант аясында басқа қазақстандық жоғары оқу орнында алсам, Назарбаев Университетіне дәл сол деңгей бойынша грантқа оқуға түсе алам ба?
«Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасына оқуға түсушілерге стипендияны ҚР Ұлттық банкі бөледі. Толық ақпарат Жоғары бизнес мектебінің сайтында берілген.
Егер өтінім беру кезінде қателік болса, не істеу керек?
| Магистратура | Жоғары білім беру мектебі | admissions.gse@nu.edu.kz |
| Жоғары бизнес мектебі | admissions.gsb@nu.edu.kz | |
| Жоғары мемлекеттік саясат мектебі | gspp_admissions@nu.edu.kz | |
| Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі | admissions.ssh@nu.edu.kz | |
| Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі | admissions.seds@nu.edu.kz | |
| Медицина мектебі | admissions.nusom@nu.edu.kz | |
| Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебі | admissions.smg@nu.edu.kz | |
| Резидентура / Докторантура | phd_admissions@nu.edu.kz | |
Мен бір мезгілде бірнеше магистратура/докторантура бағдарламасына тіркеле аламын ба?
Конкурсқа қатысу үшін берген өтінімімнің мәртебесін қалай білуге болады?
Егер мен соңғы курс студенті болсам және жоғары білім дипломым әлі болмаса, бағдарламаға құжаттар тапсыра аламын ба?
Егер үміткер магистратураға / докторантураға түспесе, Назарбаев Университетінің магистратура / докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінім берген кезде тіркеу жарнасының сомасы қайтарымды ма?
Құжаттардың нотариалды куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы міндетті түрде керек пе?
Дипломның орташа балын қалайша дұрыс есептеуге болады?
IELTS/TOEFL туралы толық ақпарат. IELTS/TOEFL-ке қалай тапсырыс беруге болады? Неліктен IELTS/TOEFL базада табылмауы мүмкін?
- IELTS/TOEFL сертификатының ресми электрондық нәтижелерін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
- Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFl results» бөлімінде сертификат нөмірін арнайы өріске енгізу қажет. Тест нәтижелері автоматты түрде толтырылады. Егер деректер автоматты түрде пайда болмаса, Сізде келесі қателердің бірі болуы мүмкін: 1) Тест әкімшісінен ресми электронды нәтижелер НУ-ға түскен жоқ, 2) сауалнамада қателер бар, 3) сертификатта қателер бар. Маңызды: сертификаттың сканерленген көшірмесін Университеттің электрондық поштасына және қағаз түріндегі түпнұсқасын пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ.
- Содан кейін сертификаттың сканерленген көшірмесін осы бөлікке жүктеңіз. Байқау үшін Сіз кез-келген сертификаттарды ұсына аласыз, бірақ жеке кабинетке соңғы жүктелген сертификат қана қарастырылады. Маңызды: сертификаттың сканерленген көшірмесін университеттің электронды мекен-жайына және қағаз нұсқасын пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ.
IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Ұсынылған барлық сертификаттар құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы керек. Сертификаттың қолданылу мерзімі- 2 жыл.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
IELTS/TOEFL сертификатын берудің соңғы мерзімі сайтта қол жетімді.
Егер мен IELTS/TOEFL нәтижелерін тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жақсартсам, сертификатты қайда жіберуім керек?
Мен IELTS/TOEFL нәтижесін тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін тапсыра аламын ба?
IELTS One Skill Retake емтиханының нәтижесі қабылданады ма?
IELTS/TOEFL/GRE/ GMAТ тест нәтижелерін жіберуге арналған код қандай?
- IELTS – Назарбаев Университеті (Студенттерді оқуға қабылдау департаменті)
- TOEFL – 6762
- GRE – 6496
- GMAT – Н6m-R7-93
Ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификаттардың қайсысы қабылданбайды?
Жеке кабинетте IELTS/TOEFL сертификатының сканерленген нұсқасын ұсыну жеткілікті ме?
TRF нөмірін енгізу кезінде дерекқорда менің сертификатым табылмаса, не істеу керек?
ALEKS тесті дегеніміз не?
ALEKS тестінің форматымен танысуға бола ма?
Іскери әкімшілендіру магистрі, Қаржы жөніндегі ғылым магистрі және Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламаларына ALEKS тестісін тапсыру ақылы ма?
Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы бойынша ALEKS тестін қайта тапсыру көзделмеген.
МСАТ емтиханы дегеніміз не және бұны кімдер тапсырады?
MCAT бірнеше таңдау сұрақтарынан тұратын (multiple choice questions), студенттердің дағдыларын бағалайтын, атап айтқанда: күрделі мәселелерді шеше білу, сыни тұрғыдан ойлау және медицинаны оқудың алғышарты болып табылатын жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар, биология және басқа да пәндер бойынша білімін тексеретін стандартталған тест болып табылады.
MCAT форматы
Тест төрт бөлімнен тұрады.
- Тірі жүйелердің биологиялық және биохимиялық негіздері
- Биологиялық жүйелердің химиялық және физикалық негіздері
- Мінез-құлықтың психологиялық, әлеуметтік және биологиялық негіздері
- Сыни тұрғыда талдау және ой елегінен өткізу
MCAT тапсыру барысында үміткер тестінің әр бөлімінен 1-ден 15-ке дейін ұпай жинай алады. Соңғы нәтиже MCAT барлық бөлімдері ұпайларының қосындысы болып табылады.
Тест нәтижесі тест тапсырған соң 30-35 күннен кейін мәлім болады. Студент бұл ақпаратты MCAT ресми сайтынан «Get Your Test Scores» бөлімінен ала алады.
MCAT-қа тіркелу және төлеу
Тест ақысы тест тапсыруға қаншалықты ерте тіркелгеніңізге байланысты болады және құны 305-тен 355 доллар аралығында болады. MCAT тестіне өз бетінше дайындалуға арналған материалдарды мына сілтемеден таба аласыз.
MCAT емтиханын қайда тапсыруға болады?
USMLE емтиханы дегеніміз не және бұны кімдер тапсырады?
USMLE Step 1 – АҚШ және Еуропалық Одақтың көптеген медициналық мектептерінде алғашқы екі курста оқытылатын пәндер бойынша білімді тексеретін компьютерлік, бірнеше таңдау сұрақтарынан тұратын емтихан. USMLE дәрігердің білімін, тұжырымдамалар мен принциптерді қолдану қабілетін және имитациялық жағдайлық зерттеулер негізінде пациенттерді күтудің негізі дағдыларын бағалайды.
Емтихан
- 350 сұрақтан тұрады/7 сағат + 45-минут үзіліс
- Сұрақтың орташа көлемі: 60-тан бастап 70 сөзге дейін
IFOM емтиханы дегеніміз не және оны кім тапсырады?
Бұл емтихан Резидентура бағдарламасына түсу талаптарының бірі болып табылады. Баламасы — USMLE Step 1.
GRE, GMAT және ALEKS тестілеріне қойылатын минималды талаптар қандай және оларды қайда тапсыруға болады?
GRE, GMAT және ALEKS тестілеріне қойылатын ең төменгі талаптар жоқ.
Барлық нақты ақпаратты GRE, GMAT сілтемесінен табуға болады.
ALEKS тесті Назарбаев Университетінде тапсырылады немесе онлайн (Мектепке байланысты). Емтиханға шақыруды Қабылдау комиссиясының хатшысы жібереді. Үміткерлердің бекітілген күндер тізімінен тест тапсыру күнін таңдау мүмкіндігі бар.Инженерлік Менеджмент магистрі бағдарламасының белгіленген күні бар және оны Мектеп бекітеді.
Кім маған ұсыным беруші бола алады?
Ұсыным хаттарды беру рәсімі қандай?
Бірінші әдіс бойынша, ұсыным беруші ұсыным хатын Назарбаев Университетіне өз ұйымының корпоративті поштасынан жібереді. Электронды мекенжайға келген сілтемені басу арқылы ұсыным хаттың электронды нысанын толтыру қажет.
Екінші әдіс ұсыным берушінің корпоративтік поштасы болмаған жағдайға арналған. Бұл ретте, ол ұсыным хатты өзі қызмет ететін ұйымның шығыс нөмірі мен күні көрсетілген фирмалық бланкісінде дайындауы қажет. Хат сканерленіп, сілтемені басу арқылы жүктеледі. Ұсыным берушілерге хатты дайындауға берілетін уақыт — 7 күн.
Егер менің ұсыным берушім хатты дайындаудан бас тартса, мен оны басқамен ауыстыра аламын ба?
Мотивациялық хаттың мазмұнына қойылатын талаптар бар ма?
Хаттың мазмұнына қойылатын талаптар жоқ. Хаттың мазмұны Сіздің авторлық жобаңыз болып табылады. Интернетте, соның қатар сайттында open.nu.edu.kz, мотивациялық хатты қалай дұрыс дайындау бойынша кеңес беретін ресурстар өте көп. Бағдарламалардың талаптарына сәйкес хаттың көлемі 1 беттен немесе 500 сөзден аспауы керек.
Жұмыс өтілімді қалай растауға болады?
Егер жұмыс тәжірибесі бағдарлама үшін қосымша талап болса, түйіндемеңізді ұсына аласыз. Ал егер жұмыс өтілі міндетті талап болса, онда ресми құжаттар қажет болады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбегін растайтын құжат ретінде төмендегінің кез-келгені қарастырылуы мүмкін:
- еңбек кітапшасы;
- жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шарты;
- еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірмелер;
- қызметкерлерге еңбекақы төлеу ведомосінен үзінділер;
- жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды куәландырылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;
- жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама.
Резидентура бағдарламасына құжат тапсыру үшін қандай диплом қажет?
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін бастапқы медициналық білімнің болуы қажет пе?
Магистратура мен докторантурадағы стипендияның мөлшері қандай?
134 664 теңге — Резидентура бағдарламасының студенттеріне
262 500 теңге – докторантура бағдарламаларының студенттері үшін*
*Докторантура бағдарламаларының студенттері бағдарламаға байланысты жалақысы 600 АҚШ долларынан басталатын зерттеуші ассистенттері (RA) және оқытушы ассистенттері (GTA) ретінде де жұмыс істей алады.
Бағдарлау апталығына қатысу міндетті ме?
Ақылы негізде оқуға түсетін студенттерге қандай-да бір жеңілдіктер бар ма?
Жеңілдіктер (қаржыландыру көмегі) туралы ақпаратты Bursars офисіне хабарласу арқылы алуға болады: bursars_office@nu.edu.kz.
Жатақхана туралы ақпаратты қайдан білуге болады?
Сіз жатақхана мәселесі бойынша Студенттермен жұмыс жүргізу департаментіне хабарласа аласыз — student_housing@nu.edu.kz
Өткен жылдары магистратура мен докторантураға қанша студент қабылданды?
Магистратура/докторантура бағдарламасында НУ-да оқыған және өз еркімен оқудан шығарылған адамдарға қайта түсуге шектеулер бар ма?
Өз қалауы бойынша оқудан шығарылған студент Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін оқудан шығарылған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін ғана өтініш бере алады. Бұрын Назарбаев Университетінде өткен пәндерді қабылдаумен сол бағдарламаға (re-admission) қайта қабылдану үшін Регистратор офисімен хабарласу қажет — registrar@nu.edu.kz. Қайта қабылдау рәсімі Университеттен шығарылғаннан кейін 5 жыл ішінде қолданылады. Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылынан шығарылғандар қайта қабылдау үшін қарастырылмайды.
Магистратура/резидентура/докторантура бағдарламасын аяқтағаннан кейін жұмыспен өтеу міндеттемесі бар ма? Қандай талаптар мен жағдайлар көзделген?
Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.
Кепілдік жарна дегеніміз не және қайтарылатын міндетті Кепілдік жарнаның мөлшері қандай?
Оқуға шақыру хатын қабылдаған жағдайда, үміткерлер 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде қайтарылатын міндетті Кепілдік жарнаны төлеуі керек.
Міндетті кепілдік жарна сомасын қайтару шарттары қандай?
1) Назарбаев Университетінде оқыту бойынша қызметтерді көрсету шартын екіжақты қол қою;
2) студенттің бағдарлау апталығына қатысуы;
3) cтуденттің бірінші семестрді жақсы академиялық үлгеріммен аяқтауыі.
Кепілдік жарна бағдарламаның екінші семестрі басталғанға дейін үміткер/студент қайтыс болған жағдайда жоғарыда көрсетілген шарттарды орындамай қайтарылуы мүмкін.
Кепілдік жарна бағдарламаның екінші семестрінде банктік картаға ақша аударымы арқылы қайтарылады, оны университет оқуға түскен студентке шығарады.