Халықаралық ынтымақтастық: NU Малайзия университеттерімен серіктестікті нығайтуда

26 қыркүйекте NU-ға Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Малайзияның жоғары білім министрі доктор Замбри Абдул Кадир бастаған делегация келді. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен NU басшылығы қатысты. Тараптар Қазақстан мен Малайзияның білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын талқылап, екі елдің университеттері арасындағы серіктестікті дамытуға, бірлескен зерттеулер мен студенттік ұтқырлыққа ерекше назар аударды. […]
Қатерлі ісік терапиясынан ақылды энергия желілеріне дейін: NU жас зерттеушілерінің жобалары

NU студенттері алғашқы курстан бастап зерттеу топтарының жұмысына араласып, оқу кезінде-ақ өз жобаларын қолға алады. Әнел Уразалиева NU-да «Биомедициналық инженерия» мамандығы бойынша магистратурада оқып жүрген кезінде алғаш рет заманауи ғылыми зертханада жұмыс істеді. Қазір ол ғылыми қызметкер ретінде қатерлі ісікті фотодинамикалық терапия әдісімен емдеуге арналған наногель әзірлеумен айналысады. Ал төртінші курс докторанты Юсуф Шахин электр […]
Kellogg-HKUST Executive MBA бағдарламасының қатысушылары NUGSB-де оқу модулінен өтті

Nazarbayev University Graduate School of Business (NUGSB) Kellogg-HKUST Executive MBA халықаралық бағдарламасының 50 қатысушысын қабылдады. 14–18 қыркүйек аралығында әлемнің түрлі елдерінен келген бизнес өкілдері мен компания басшылары NUGSB-де оқу модуліне қатысып, Қазақстанның экономикасы, инвестициялық ахуалы және жетекші компанияларымен танысты. Kellogg-HKUST Executive MBA — Northwestern University жанындағы Kellogg School of Management пен HKUST Business School бірлесіп […]
Өңірлік ынтымақтастықты нығайту: Атырау облысының жоғары оқу орындарымен серіктестік

NU делегациясы өңірлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту аясында Атырау қаласына барды. Сапар барысында ғылым мен инновация салаларындағы стратегиялық серіктестік, білім беру мен өңір өнеркәсібіне заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мәселелері талқыланды. NU өкілдері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне барып, «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының […]
Social Impact Award Kazakhstan бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

NU-да Social Impact Award (SIA) халықаралық бағдарламасының финалы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мектеп және университет студенттерінен құралған 15 команда сарапшылар алқасына қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын таныстырды. Social Impact Award (SIA) — 30 елде жүзеге асырылатын халықаралық бастама. Бағдарлама жастарға әлеуметтік идеяларын қоғамға нақты пайда әкелетін тұрақты жобаларға айналдыруға көмектеседі. Қазақстанда бағдарлама NU Impact […]
NutrIX 2026: ғылым, деректер және технологиялар тамақтану мен денсаулыққа деген көзқарасты қалай өзгертуде

Бүгінде әлеуметтік желілерден тамақтану мен денсаулыққа қатысты диеталық кеңестерден бастап, аурулардың алдын алуға арналған ұсынымдарға дейін сан алуан ақпарат табуға болады. Осындай жағдайда ғылыми деректерге негізделген ақпарат пен сараптамалық пікірталасқа қолжетімділіктің маңызы артып келеді. Осы мәселелерге арналған алғашқы Интеллектуалды тамақтану және дербестендірілген денсаулық сақтау саласындағы азық-түлік жүйелері жөніндегі халықаралық конференцияны (NutrIX 2026) NU өткізіп жатыр. […]
Жүрек трансплантациясынан жаңа технологияларға дейін: UMC Жүрек орталығы 15 жылдығын атап өтті

Астанада NU экожүйесіне кіретін University Medical Center Жүрек орталығының 15 жылдығына арналған «XV – Excellence and Value in Heart Care» халықаралық конференциясы өтті. Екі күнге созылған шараға Қазақстаннан және Еуропа, Америка, Таяу Шығыс пен Азия елдерін қоса алғанда, әлемнің 20-дан астам елінен кардиология және кардиохирургия саласының жетекші мамандары қатысты. Қатысушылар жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен […]
NU мен Сингапур: ғылым, инновация және адами әлеуетті дамыту

NU Сингапурдың Ғылым, технология және зерттеулер агенттігімен (A*STAR), Сингапур ұлттық университетімен (NUS) және Наньян технологиялық университетімен (NTU) төртжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Сингапурдың жетекші ғылыми орталықтарымен серіктестікті кеңейтуге жол ашып, бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуды дамытуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады. Меморандумның қабылдануы Қазақстан мен Сингапур арасындағы ғылыми және академиялық […]
Өңірлік ынтымақтастықты нығайту: Kozybayev University

Nazarbayev University (NU) президенті Вакар Ахмад бастаған университет делегациясы Петропавл қаласындағы Kozybayev University-ге барып, өңірлік университеттермен білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп арасындағы байланысты дамыту мәселелерін талқылады. Сапар барысында NU өкілдері Kozybayev University басшылығымен, декандарымен және зерттеушілерімен кездесіп, университеттің ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Тараптар жасанды интеллект, ақылды ауыл […]
NU-да математика және жасанды интеллектке арналған халықаралық конференция өтті

Математика және жасанды интеллект жөніндегі алғашқы халықаралық конференция (ICMAI 2026) Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мажарстан, Әзербайжан және Қытайдан келген 90 қатысушыны жинап, математика мен жасанды интеллект тоғысындағы заманауи зерттеулерді талқылауға мүмкіндік берді. Конференцияны Компьютерлік ғылымдары және жасанды интеллект мектебі (SCAI) мен Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) ұйымдастырды. ICMAI 2026 конференциясының […]