Басқа

Коммерциялық қызметтер

Коммерциялық қызметтер

Іс-шараларды ұйымдастыру

«UniversityServiceManagement»жеке мекемесі қазіргі заманға сай жарық және салқындату жүйесі, проекторлар, ілеспе аударма сияқты жоғары технологиялық прензентация құрал-жабдығы мен басқа да техникалық құрал-жабдықтары бар,заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес жабдықталған конференц-залдарда түрлі деңгейдегі бизнес іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ кофе-брейктер мен фуршеттерді ұйымдастыруға арналған бірнеше холл бар.
Жалға мынадай үй-жайлар беріледі:
• Конференц-залдар
• Семинарларға арналған аудиторийлер/кабинеттер
• Атриум мен холл(көрмелерді өткізу үшін)
• Кафетерийлер

Үй-жайларды жалға беру

«Nazarbayev University» кампусының инфрақұрылымы коммерциялық мақсатта сервистік қызметтерді көрсету үшін жалға беруге арналған бірнеше тұрғын емес үй-жайларды ұсынады.
Университеттің кампусында үй-жайларды жалға берушілермен көрсетілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің әлеуетті тұтынушылары ретінде тек қана студенттер ғана емес, сонымен қатар шетелдік оқытушы-профессорлар құрамы, Университеттің қызметкерлері мен келген қонақтар да болуы мүмкін.
«UniversityServiceManagement» жеке мекемесі кампустағы үй-жайларды жалға берудің мақсатты пайдаланылуын қарастырады:
• Кафетерийлер
• Дәріхана
• Азық-түлік дүкені
• Көшіру орталығы
• Кір жуатын жер
• Сұлулық салоны
• Аяқ киім/сағат жөндеу
• Медициналық орталық/стоматология және т.б.

Іс-шараларды ұйымдастыру және үй-жайларды жалға беру бойынша өтінімдер мен ұсыныстарды usmcomments@nu.edu.kz электрондық мекенжайына жібере аласыздар.


Загрузка данных…

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53