NU студенттері Қытайдың жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен танысты

NU-дың он студенті Бейжің мен Сиань қалаларында өткен CNPC E-Light Silk Road Energy Youth Camp халықаралық лагеріне қатысты. Бағдарламаны Бейжіңдегі Қытай мұнай университеті (China University of Petroleum-Beijing, CUPB) CNPC Central Asia Russia Company компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. Бағдарлама академиялық білім алуды, өнеркәсіптік кәсіпорындарға баруды және мәдени тәжірибе алмасуды ұштастырды. Қытай мұнай университетінде студенттер оқу орнының тарих […]
NU-да Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселесі талқыланды

13 қазанда NU-де Қазақстан мен Бельгия арасындағы жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел өтті. Жиынға Бельгиялықтар Королі Филипп, Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі — сыни минералдар саласы болды. Кездесу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипптің бір күн бұрынғы келіссөздерінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге […]
Қазақстан мен Бельгия университеттер мен өнеркәсіп арасындағы әріптестікті нығайтуда

12 қазанда NU-де маңызды шикізат материалдарына арналған Қазақстан-Бельгия семинары өтті. Екі елдің мемлекеттік органдарының, өнеркәсіп және ғылыми қауымдастық өкілдері минералдық шикізатты өндіру мен өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары материалдар шығару салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Іс-шара Бельгиялықтардың королі Филипптiң Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті. Семинарды Левен католиктік университетінің (KU Leuven) Тұрақты металдар мен минералдар институты (SIM²) […]
2027-2028 оқу жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) және бакалавриат бағдарламаларына өтінімдерді қабылдау басталды

2027-2028 оқу жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) және бакалавриат бағдарламаларына өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінім беру үшін талапкерлер келесі қадамдарды орындау қажет: Маңызды: IELTS/TOEFL/SAT/ACT нәтижелерін Назарбаев Университетіне ұсыну үшін Жеке кабинетте берілген нұсқаулықтарды орындау қажет. Әйтпесе, IELTS/TOEFL/SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды. Өтінім беру мерзімдері: кейінірек жарияланады. Нақты күндер Университет сайтындағы «Жалпы қабылдау — Маңызды мерзімдер» бөлімінде жарияланады. […]
NU рейтингтегі ілгерілеуі Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы жетістіктерін көрсетеді

Соңғы жылдары қазақстандық университеттер халықаралық рейтингтерде барған сайын танымал бола бастады. Times Higher Education World University Rankings 2027 рейтингінде Қазақстанның 10 жоғары оқу орны ұсынылған. NU әлемнің үздік 376–400 университеті тобына еніп, ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші орынға шықты және Қазақстан мен Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бұл нәтижелер жалпы елдегі жоғары […]
Әлемдегі үздік 2%-ға енген қазақстандық ғалымдардың 58%-ы — NU өкілдері

Nazarbayev University (NU) зерттеушілері әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілетін ғалымдардың жыл сайынғы жаһандық тізіміне енген қазақстандық ғалымдардың 58%-ын құрайды. Стэнфорд университеті мен Elsevier баспасы профессор Джон П. А. Иоаннидистің жетекшілігімен дайындаған 2026 жылғы зерттеуге Қазақстаннан 86 ғалым енді. Олар ғалымның бүкіл ғылыми мансабындағы ықпалы және бір жыл ішіндегі ғылыми ықпалы бойынша екі тізімге енгізілді. Олардың […]
Өңірлік ынтымақтастықты нығайту:Шығыс Қазақстан облысы

7–8 қазанда Назарбаев Университетінің (NU) президенті Вакар Ахмад бастаған делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында университет өкілдері өңір басшылығымен кездесіп, облыстағы екі жоғары оқу орны мен «Қазцинк» металлургиялық компаниясында болды. Сапардың негізгі мақсаты – ғылым, білім беру және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ университеттер мен өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы байланысты дамыту. Шығыс […]
NU Digital Education Council құрамына қосылды

NU жоғары білім беру мен кадрлардың кәсіби дамуы саласында тұрақты инновацияларды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі ортақ ұстанымды қалыптастыратын жаһандық кәсіби қауымдастық – Digital Education Council (DEC) құрамына қосылды. Әлемдегі ең ірі EdTech акселераторы SuperCharger Ventures бастамасымен құрылған DEC әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттерді, колледждерді, бизнес мектептерді және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктіріп, жоғары білім берудегі […]
NU және Wabtec бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мәселелерін талқылады

150 жылдан астам тарихы бар Wabtec халықаралық компаниясының атқарушы вице-президенті әрі технологиялар жөніндегі бас директоры Эрик Гебхардт бастаған делегация NU-ға келді. Сапар барысында тараптар бірлескен ғылыми және инженерлік жобаларды жүзеге асыру, цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ университет студенттері мен түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру перспективаларын талқылады. Wabtec – теміржол көлігіне арналған жабдықтар, цифрлық шешімдер […]
NU Қазақстанда әзірленген омыртқа хирургиясына арналған имплант туралы зерттеу жариялады

Қазақстанда әзірленіп, 3D-басып шығару технологиясы арқылы өндірілген титан импланты омыртқаға жасалған операциялар кезінде 21 пациентке орнатылды. Операциядан кейін бір жыл бойы зерттеушілер импланттың сүйек тінімен қалай бірігетінін бақылаған. Зерттеу нәтижелері 2026 жылғы қыркүйекте Nature құрамына кіретін халықаралық ғылыми Scientific Reports журналында жарияланды. Зерттеу Қазақстанда жүргізілген ғылыми жұмыстың зертханалық әзірлемеден клиникалық қолдануға дейінгі жолдан өтіп, 3D-басып […]