Студенттік ұтқырлық – студенттің қабылдаушы университетте белгілі бір мерзімге (бір оқу жылына дейін) барып, тегін немесе ақылы негізде өтетін, негізгі университеті тарапынан ресми түрде мақұлданып, жазбаша расталған академиялық, ғылыми-зерттеу және/немесе мәдени тәжірибесі. Ол оффлайн немесе онлайн форматта жүзеге асырылуы мүмкін.
Назар аударыңыз: академиялық ұтқырлыққа қатысу – қосымша мүмкіндік, ол міндетті талап емес.
Студенттік ұтқырлық түрлері

Ұтқырлық тәжірибесінің артықшылықтары
Білім
- Түрлі мәдени және қоғамдық көзқарастарды қабылдау және түсіну
- Шет тілін үйрену немесе тілдік тәжірибе жинау
- Коммуникациялық дағдыларды дамыту
- Оқытудың сан алуан тәсілдерімен танысу
- Әртүрлі шұғыл мәселелерді шешу дағдыларын дамыту
- Жалпы білім мен дүниетанымды кеңейту
Жеке
- Өзін-өзі бағалау мен өзіндік сананы арттыру
- Жеке тұлғалық жетілу және әлеуметтік сенімділік
- Икемділік, бейімділік және сапарда өзін-өзі күте білу дағдыларын үйрену
- Жаңа достар табу
НУ-да академиялық ұтқырлыққа қатысу тегін бе?
НУ-дың серіктестік байланыстары негізінде ұсынылатын ұтқырлық мүмкіндіктеріне, әдетте, тек оқу ақысынан босату кіреді. Қалған шығыстарды студент өз есебінен көтереді. Мектептер ішінара қаржыландыруды қарастыра алады.
Ұтқырлық бағдарламасына қатысу кезінде қандай шығыстарды ескеру керек?
- Екі жақты әуе билеттері
- Тұру шығыны
- Тамаққа кететін шығын
- Виза алымы
- Медициналық сақтандыру
- Басқа да шығыстар
- Университеттің қосымша алымдары
Ұтқырлыққа арналған сыртқы қаржыландыру мүмкіндіктері де бар. Төменде кейбір мысалдар келтірілген:
Қатысу құқығы және шарттары
- НУ-да дәреже алуға бағытталған бағдарлама бойынша білім алып жатқан белсенді студент болу
- Бакалавриат студенттері НУ-да кемінде бір оқу жылын, ал магистратура студенттері кемінде бір семестрді аяқтаған болуы тиіс
- Үміткер жақсы академиялық және тәртіптік мәртебеде болуы тиіс (яғни сынақ мерзімінде немесе шартты мәртебеде болмауы, академиялық және/немесе тәртіптік жаза алмаған болуы қажет)
- Үлгерімнің орташа балы (CGPA) 3.0 және одан жоғары болуы керек
- Ешбір пән бойынша аяқталмаған бағалары болмауы тиіс
- Ұтқырлық бағдарламасына өтінім берген күні 18 жастан асқан болуы тиіс
- Үміткер мектеп комитетіне қабылдаушы университеттің және НУ бағдарламасының барлық талаптарына сай келетінін дәлелдеуі тиіс
Назар аударыңыз, қабылдаушы университетте оқылатын пәндерді таңдау НУ-дың тиісті МЕКТЕБІНДЕГІ оқу бағдарламасына қайта есептеу үшін келісіліп, бекітілуі тиіс
Егер НУ студенті мемлекеттік грант бойынша оқыса, НУ-дағы оқу мерзімі академиялық бағдарламаның стандартты ұзақтығынан өзгермеуі немесе аспауы керек – бакалавриат студенттері үшін 4 жыл және магистратура студенттері үшін 2 жыл.
Егер студент стипендия алса немесе сыртқы алмасу бағдарламасының жеңімпазы атанса, ол мүмкіндігінше тез академиялық менеджерге және Мектеп кеңесшісіне хабарласуы тиіс.
Өтініш беру процесі

Оралғаннан кейін
- Академиялық ұтқырлықты аяқтағаннан кейін студенттер алмасу кезінде алған кредиттерін қайта есептеу және серіктес университеттен транскриптің Интернационалдандыру департаментіне жіберілуін қадағалау үшін жауапты болады (mobility@nu.edu.kz).
- Академиялық ұтқырлыққа қатысқан студенттердің пікірлері ИД-ке ұсынылуы тиіс.
- НУ-дың алмасу бағдарламасы бойынша кетуші студенттері НУ-дағы жаңа семестрдің бірінші аптасынан кешіктірмей сабаққа қатыса бастауы тиіс.
Егер студенттер семестр басталғаннан кейін НУ-ға оралса, олар өткізіп алған сабақтары мен тапсырмалары бойынша НУ оқытушыларымен келісу жауапкершілігін өздері алады.
НУ ұтқырлыққа байланысты сабаққа қатыспаудың дәлелді себеп ретінде танылатынына кепілдік бермейді.
Мектеп Менеджерлері
Жоғары бизнес мектебі
Азиза Бакытжанова
aziza.bakytzhanova@nu.edu.kz
Жоғары білім беру мектебі
Эльмира Туканаева
elmira.tukanayeva@nu.edu.kz
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Жібек Шымбай
zhibek.shymbay@nu.edu.kz
Инженерия мектебі
Фатима Ахметова
d.maratova@nu.edu.kz
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебі
Нұргүл Бургенбай nurgul.burgenbay@nu.edu.kz
Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі
Диана Маратова
d.maratova@nu.edu.kz
Медицина Мектебі
Академиялық мәселелер жөніндегі кеңсе
nusom_academic@nusom.nu.edu.kz
Жиі қойылатын сұрақтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысқысы келетін НУ студенттері үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Серіктес университеттермен жасалған келісімдер негізінде: студенттер алмасу, шетелде оқу, қысқа мерзімді оқу, ғылыми тағылымдама және мәдени ұтқырлық.
Академиялық ұтқырлық саласында НУ-мен қандай оқу орындарының серіктестік келісімдері бар?
Серіктестеріміздің толық тізімін мына жерден таба аласыз.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін үміткерлерге қандай талаптар қойылады?
- НУ-да кемінде бір жыл (бакалавриат студенттері үшін) / бір семестр (магистратура және PhD докторантура студенттері үшін) оқуды аяқтау;
- Ешбір пән бойынша аяқталмаған бағасы болмауы;
- Үміткер жақсы академиялық және тәртіптік мәртебеде болуы тиіс
- Үлгерімнің орташа балы (CGPA) 3.00 және одан жоғары болуы;
- Өтінім берген күні 18 жаста болуы.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі туралы кім және қалай хабарлайды?
Әрбір Мектеп жаңа семестрдің басында (күзгі немесе көктемгі семестр) алмасу мүмкіндіктері туралы хабарлайды
Студенттің өтінім беру процесі қалай өтеді?
Әрбір семестрдің басында НУ мектептері студенттерге алдағы ұтқырлық мүмкіндіктері, талаптар және мерзімдер туралы хабарлайды. Егер студент ең төменгі талаптарға сай келсе (жоғарыдағы 3-сұрақты қараңыз), ол құжаттар пакетін дайындауды бастауы тиіс. Құжаттар пакетіне мыналар кіреді:
- өтінім формасы;
- түйіндеме (CV);
- мотивациялық хат;
- үлгерімнің ресми көшірмесі (транскрипт);
- оқытушы-кеңесшінің ұсыныс хаты.
Құжаттар пакеті дайын болғаннан кейін студенттер барлық құжаттарды өз Мектебінің тиісті менеджеріне тапсыруы тиіс.
Студенттерді іріктеу процесі қалай жүреді?
- Мектептің іріктеу комитеті барлық үміткерлерді қарастырып, іріктелген студенттердің қысқа тізімін жасайды.
- Қысқа тізім серіктес университетке жіберіледі.
- Серіктес университеттер де үміткерлерге қосымша іріктеу жүргізіп, оларды сұхбатқа шақыруы мүмкін. Осыдан кейін қабылданған студенттердің түпкілікті тізімі жасалады.
- Серіктес университет іріктелген студенттердің түпкілікті тізімін Интернационалдандыру департаментіне жібереді және қабылданған студенттермен тікелей байланыс орнатады.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өз бетінше қатыса ала ма?
Иә, НУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өз бетінше қатыса алады. Алайда, егер ұтқырлық бағдарламасы кредиттерді қайта есептеуді көздесе, тиісті НУ Мектебі осы процесті бекітуі тиіс.
Егер қабылдаушы университеттің НУ-мен академиялық ұтқырлық туралы келісімі болмаса, қандай нұсқалар бар?
Бұл жағдайда тек жоғары оқу орындары арасындағы келісімсіз студенттердің қатысуына мүмкіндік беретін жекелеген жазғы мектеп бағдарламалары ғана қолжетімді болады.
НУ-дың Erasmus+ бағдарламасы аясында келісімі бар ма?
Иә, НУ-дың Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлыққа арналған шектеулі санда жоғары оқу орындары арасындағы келісімдері бар.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер үшін тегін бе?
НУ-дың серіктестік байланыстары негізінде ұсынылатын ұтқырлық мүмкіндіктеріне, әдетте, оқу ақысынан босату кіреді. Қалған шығыстарды (екі жаққа авиабилет, тұру, тамақтану, виза алымы, медициналық сақтандыру, өзге де шығыстар және университеттің қосымша алымдары) студент өз есебінен көтереді. Мектептер ішінара қаржыландыруды қарастыра алады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысудың қандай артықшылықтары бар?
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу жаңа мәдениеттермен, тілдермен және білім беру жүйелерімен танысуға, мамандандырылған ресурстар мен инфрақұрылымға қолжетімділік алуға, кәсіби байланыстар орнатуға, сондай-ақ жеке және кәсіби дамуға мүмкіндік береді.
Қабылдаушы университетте ұтқырлық бағдарламалары аясында алынған академиялық кредиттер НУ-ға көшіріле ме?
Иә, кредиттер Назарбаев Университетінің бакалавриат және магистратура/докторантура бойынша Академиялық саясаты мен рәсімдерінің талаптарына сай келген жағдайда қайта есептеледі.
Академиялық ұтқырлықпен қандай қиындықтар байланысты болуы мүмкін?
Мұндай қиындықтарға мәдени бейімделу, тілдік кедергілер, туған жерді сағыну, білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтар, виза мен көші-қон талаптарына байланысты әкімшілік қиындықтар, сондай-ақ тұру құнындағы айырмашылықтар жатады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары әдетте қанша уақытқа созылады?
Ұтқырлық бағдарламаларының ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін: бірнеше аптаға созылатын қысқа мерзімді бағдарламалардан бастап, ұзақ мерзімді алмасу немесе шетелде оқу түріндегі бір толық оқу жылына дейін.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін жергілікті тілді білу қажет пе?
Қабылдаушы университеттердегі көптеген курстар әдетте ағылшын тілінде оқытылады, дегенмен кейбіреулері жергілікті тілді меңгеруді талап етуі мүмкін. Қызығушылық танытқан бағдарлама немесе курстың тілдік талаптарын әрдайым нақтылап алыңыз.
Менің отбасым немесе асырауымдағы адамдар болса, академиялық ұтқырлыққа қатыса алам ба?
Отбасысы немесе асырауындағы адамдары бар студенттерге шектеу қойылмайды, алайда виза мәселелері мен барлық қатысты шығыстарды студент өзі көтереді.