NU мен СЖРА демография саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту мәселесін талқылады

Nazarbayev University мен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі демография саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жоспарланған бағыттардың қатарында демографиялық талдау және болжау бойынша оқу курстарын әзірлеу бар.

Бұл бастама NU Президенті профессор Вакар Ахмад пен СЖРА төрағасының орынбасары Әділ Құсмановтың кездесуінде талқыланды. Кездесуге NU академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Саманта Смит, NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Колин Нокс, СЖРА Әлеуметтік сала департаментінің директоры Рамиль Тохтиев және СЖРА жанындағы Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы Аяулым Сағынбаева қатысты.

Тараптар демография саласында мамандар даярлау бағытындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, NU базасында демографиялық талдау және болжау бойынша оқу курстарын әзірлеу мүмкіндігін қарастырды. Сондай-ақ оқытудың ықтимал форматтары, соның ішінде ашық дәрістер, қысқа мерзімді бағдарламалар және студенттер мен мамандарға арналған бейінді сабақтар қарастырылды.

Ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарының бірі ретінде СЖРА жанындағы Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығын оқу материалдары мен практикалық кейстер әзірлеуге тарту ұсынылды. Бұл ретте Орталықтың сарапшылық әлеуеті мен аналитикалық зерттеулерінің нәтижелері пайдаланылмақ.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған бастамаларды, соның ішінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту форматтарын, мақсатты аудиторияны және ұйымдастыру мәселелерін бірлесіп пысықтауды жалғастыруға келісті.

Ынтымақтастық демографиялық үдерістерді талдау саласындағы NU-дың академиялық сараптамасы мен АСПжР-дың практикалық тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53