Жатақхана – бұл тек тұратын орын ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тануға және студенттік өмірге белсенді араласуға шабыттандыратын орта.
Жатақханада тұру, сондай-ақ университеттің академиялық, спорттық және өзге де мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, студенттерді алдағы оқу кезеңдеріндегі табысты өмірге дайындайды.
Барлық бөлмелер төсек-орын, үстел және шкафпен жабдықталған. Бөлме нөмірі блоктың орналасуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бөлме кеңістігі шектеулі болғандықтан, қосымша жиһаз немесе тұрмыстық заттарды алып келуге қатаң тыйым салынады.
Бөлме ішіндегі жиһазды орнынан жылжыту кезінде сақ болыңыздар, бөлмеден шыққанға дейін ондағы мүліктің сақталуына тек сіздер жауапты боласыздар.
НУ жатақханалары туралы қысқа деректер:
- Шамамен, НУ-нің 80 пайызынан көп студенттері кампуста өмір сүреді;
- 7 резиденттік блок бар;
- Әр резиденттік блокта блок менеджері және резидент көмекшісі бар;
- Жаңадан қабылданған студенттерге төрт адам жататын бөлме беріледі. Келешек уақытта студенттер екі адам тұратын бөлмелерге көшіріледі;
- Үш түрлі резиденттік ғимараттар бар: 7-қабаттық, 10-қабаттық және 12-қабаттық резиденттік ғимараттар;
- Резиденттік құрал-жабдықтар, медикалық бөлме, сабақ оқитын жер, кір киім жуатын жер, кіші дүкендер, сауда автоматы, шаштараз және асханалар бар.
Тамақ дайындау
Тамақ дайындау кейбір блоктар үшін шектелген. Әдетте фоундашн студенттерінің тамақ дайындауына жағдай жасалмаған. Бірақта блок эатаждары тоңазытқыштармен жабдықталған.
Асхана сервисі
Барлық студенттер “Meal Plan” алу немесе өз беттерімен тамақ дайындау бойынша мүмкіндіктерге ие. Жатақхана резиденттері үшін бірнеше асханалар жұмыс жасайды.
Автотұрақ
НУ аумағында көлік қоюға тек жатақханада ресми түрде тұрмайтындарға рұқсат етіледі. Автотұрақ орындарының саны шектеулі, сондықтан олар өтініш берушілер арасында тең бөлінеді.
Велосипед
Назарбаев Университетінде велосипед қоюға арналған орындар бар. Әр тұрғын орындардың алды велосипедке арналған стилаждармен жабдықталған. Әр семестрдің соңында өз велосипедтеріңізді алып кетуді ұмытпаңыздар. Семестрдің соңында, стилаждардан табылған велосипедтер тәркіленеді. Қыс сезгілінде, велосипедтерге шектеулі орындар беріледі.
Қауіпсіздік құралдары
Қауіпсіздік құралдарына су шашқыштар, түтін детекторлары, жылу сенсорлары, өрт кезіндегі шығу белгілері, өрт сөндіру шлангілері, өрт сөндіргіштер, дабыл түймелері және тұрғындарды қорғауға арналған басқа да құралдар жатады. Қауіпсіздік құралдарын мақсатсыз іске қосуға және қолдануға тыйым салынады.
Шылым шегу
Барлық тұрғындардың құқықтарын ескеру мақсатында және Университет саясатына сәйкес тұрғын үй аумағы шылым шегуге тыйым салынған аймақ болып табылады. Бұл тыйым дәстүрлі темекі өнімдеріне де, түтінсіз және электрондық темекілерге де қатысты. Шылым шегуге бөлмелерде де, дәліздер мен блоктар сияқты қоғамдық орындарда да тыйым салынады. Сондай-ақ кампус аумағында шылым шегуге тыйым салынған. Темекі өнімдерін пайдалану және сақтау үшін студенттер кампус аумағынан тыс жерге немесе терезелері жабық жеке көлікке шығуы тиіс.
Кімді білуіңіз қажет?
Кампус менеджер — жатақханаға жайғасуға көмектесетін адам. Өмір сүруге байланысты сұрақтар және мәселелер осы адамға айтылуы тиіс. Кампус менеджерінің басты міндеттеріне резиденттермен тұрақты қарым-қатынаста болу және сол мәселелерді шеше білу кіреді.
Резидент ассистенті – әр блокқа жүктелген университет қызметкерлері. Бұлар жетекші ролін атқарып және индивидуалдардың және департаменттің мақсаттарына көніл бөледі. Өйткені, осы мақсаттар акадмекалық, қоғамдық және коммуналық өсуге үлес қосады.
Блок менеджері – студенттерге жатақханаға тіркелу кезінде көмектесетін адам. Бөлмеледің таза болуына және физикалық жағдайы дұрыс болуына осы адам жауапты.
Тіркеуші – тіркеу орынында отырып, 24 сағат ішінде бір нәрсе болып қалса, көмектесетін адам.
Күзет – студенттердің қауіпсіздігіне 24 сағат бойы жауап беретін адам.
Қонақтар және келу тәртібі
Жатақханаларда қонақ қабылдау бөлмедегі көршілердің өзара құрметіне негізделеді. Ортақ бөлмелерде тұратын студенттерден бір-біріне сыпайы әрі құрметпен қарау, өзара түсіністік пен ымыраға келуге дайын болу күтіледі. Жатақхана қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерінің бұзылғанын анықтаған жағдайда, қонақтардан жатақханадан кетуді сұрайды.
Қонақтар студенттерге жұмыс күндері мен демалыс күндері мына уақытта келе алады:
Қонақтарды қабылдау уақыты
Таңғы 8:00-ден кешкі 22:00-ге дейін (жұмыс күндері мен демалыс күндері)