NU профессоры Р.Пелиццо Academia.edu порталында ең көп оқылғандардың 4%-на кірді

Жоғары мелекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) профессоры және академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары Риккардо Пелиццо Academia. edu сайтында ең көп оқылатын профильдердің топ-4%-ының қатарына енді.

Жоғары мелекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) профессоры және академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары Риккардо Пелиццо Academia.edu сайтында ең көп оқылатын профильдердің топ-4%-ының қатарына енді. Бұл платформа ғылыми мақалалардың беделді ашық базасы болып табылады. Сайтта ғылым әлеміндегі соңғы зерттеулер мен жаңалықтармен, сонымен қатар ғылыми жұмыстармен танысуға болады. 2008 жылы құрылған платформаның қазір 240 миллионнан астам тіркелген пайдаланушылары бар.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек профессор Пелиццоны ең көп оқылатын профильдер қатарына енуімен құттықтап, ғалымның академиялық қоғамдастыққа қосқан ерекше үлесін атап өтті.

«Сіздің іске деген адалдығыңыз бен тәжірибеңіз кең аудиторияда резонанс тудырып, түсініктеріңіз бен үлестеріңізді бағалайтын оқырмандарды тартады. Сіздің Academia.edu сайтында болуыңыз маңызды әсер етті, ғалымдар мен студенттерді шабыттандырады. Сіздің рейтингіңіз ерекше дарындылығыңыз бен зерттеулеріңіздің құндылығының куәсі болып табылады. Осы лайықты бағамен тағы да құттықтаймын», — деп атап өтті министр өзінің құттықтау хатында.

Доктор Риккардо Пелиццо – саяси даму бойынша халықаралық деңгейде мойындалған сарапшы. NU-ға қосылмас бұрын, доктор Пелиццо Дүниежүзілік банк институтында аға кеңесші және зерттеу директоры қызметін атқарды. Оның зерттеулері дамушы елдердегі институционалдық реформалар мен институционалдық тиімділікке бағытталған. Қазіргі уақытта ол саяси тұрақтылықты және тиімді басқарудың басқа аспектілерін өлшеу үшін бірнеше диагностикалық құралдарды әзірлеуде. Оның зерттеулері 11 тілге аударылған.

«Әрине, ғылыми мақалалардың кең аудитория назарын аударғаны өте қуантады. Менің кейбір жарияланымдарымның танымалдылыққа ие болуы — біздің NU-да жүргізіп жатқан зерттеулеріміздің дүние жүзіндегі оқырмандарды қызықтыратынын көрсетеді. NU өзін зерттеудің озық орталығы ретінде танытқанының ең жақсы көрсеткіші», — деп бөлісті доктор Пелиццо.

Сапалы зерттеулерді жасау Назарбаев Университетінің негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Ғылыми дамуға жоғары талаптар университетке танылған Times Higher Education рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік зерттеу университеттерінің 30%-на кіруге мүмкіндік берді. Бұл 13 жылдық тарихы бар университет үшін ерекше нәтиже. Айта кетейік, Стэнфорд университетінің ғалымдары жыл сайын жүргізетін жүйелі библиометриялық зерттеуге сәйкес, Назарбаев университетінің профессорлары әлемдегі ең үздік 2% ғалымдардың қатарына кіреді. Статистика әлемдік рецензияланған ғылыми әдебиеттердің беделді бірыңғай библиографиялық деректер Scopus базасына негізделген.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53