NU Digital Education Council құрамына қосылды

NU жоғары білім беру мен кадрлардың кәсіби дамуы саласында тұрақты инновацияларды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі ортақ ұстанымды қалыптастыратын жаһандық кәсіби қауымдастық – Digital Education Council (DEC) құрамына қосылды.

Әлемдегі ең ірі EdTech акселераторы SuperCharger Ventures бастамасымен құрылған DEC әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттерді, колледждерді, бизнес мектептерді және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктіріп, жоғары білім берудегі өзгерістерді тиімді басқаруға және жаңа технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.

DEC мүшелігі NU-ға жетекші білім беру ұйымдары мен сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге, білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім беру мен технологиялардың болашағына қатысты халықаралық пікірталастарға үлес қосуға бірегей мүмкіндіктер мен ресурстар ұсынады.

7–8 желтоқсанда NU Мадридтегі IE University-де өтетін Digital Education Council Global Summit-тіне қатысады. Саммитке 42-ден астам елден DEC-ке мүше ұйымдар, сондай-ақ академиялық қауымдастық, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Қатысушылар жоғары білім беру мен кәсіби дағдыларды дамытудағы технологиялардың рөлін талқылап, институционалдық тұрақтылық, инновациялар, тең мүмкіндіктер және технологияларды жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне назар аударады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53