Құжаттарды қалай тапсыру керек?

Магистратура

Қаржылай көмек және гранттар

Admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз.  «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.

1. Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Дербес деректерді өңдеу келісімді қамтитын Өтінім беру нысанын (Application Form) толтырыңыз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
2. Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Step 2 бөлімінде қажетті құжаттарды жүктеу қажет. Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте көрсетілген.
3.  Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы суретті жүктеңіз.

Назар аударыңыз, егер Сіз тек толық ақылы оқу негізінде қарастырылғыңыз келсе, Өтінім беру нысынында «Иә» дегенді таңдаңыз. Бұл жағдайда Сіз ешқандай Гранттарға үміткер бола алмайсыз.

  1. Afterwards, in the same section of your Personal account, proceed to Step 2 and upload the required documents. The format of the required documents is specified in the Personal account.
  2. Upload a photo (3×4) for documents to the «Profile» section in your Personal account.

Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.

Үміткерлер Nazarbayev University-дің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.

Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.

Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  • IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Nazarbayev University-де жіберу;
  • IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын  тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
  • Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде  жүктеу.

Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

IELTS үшін код: NU, Admissions Department
TOEFL iBT үшін код: 6762
GRE үшін код: 6496
GMAT үшін код: H6m-R7-93

IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Nazarbayev University-дің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.

Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
  • үміткер Nazarbayev University-дің түлегі болып табылса.

Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Nazarbayev University-ге ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.

Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Nazarbayev University-дің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.

Барлық бағдарламар тізімі

Бағдарламаңызды табыңыз

NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

image 222 Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Қабылдау талаптары

Есептеу Ғылымдары және Жасанды Интеллект мектебі - NU SCAIscai 2365 Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

1 Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
2 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);
2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
– үміткер Nazarbayev University-дің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
3 Талдау және математикалық қабілеттіліктері* Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес).
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі - NU SSHschool symbol 08 4 scaled Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

1 Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5;
2 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа);
2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
3 Талдау және математикалық қабілеттіліктері Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес)*
4 Негіздеме хаты Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық (Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі бағдарламаларына ғана арналған).

Толық ақпарат

Медицина мектебі - NUSOMschool symbols 08 scaled Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура, биомедицина саласындағы ғылым магистрі (молекулалық медицина, фармакология және токсикология, спорттық медицина және оңалту) бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:

1 Тиісті саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы); Магистр дәрежесі (бар болғанда)
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың оқуын аяқтағаны және түпкілікті транскрипттің және/немесе дипломның ресми түрде берілетін күні белгіленгені туралы растауды алған жағдайда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке тапсыратын мерзім көрсетілуі тиіс.
  • ең төменгі CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
2 Талдау және математикалық қабілеттіліктері жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
3 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі

Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:

  • Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • Nazarbayev University-дің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
    — ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
    — ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
    — егер үміткер Nazarbayev University-дің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
4 Негіздеме хаты Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі
5 Ұсыным-хаты екі құпия ұсыным хат
6 Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: Жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Толық ақпарат

Инженерия мектебі - NU SOEschool symbol 08 scaled Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

1 Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5;
2 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа);
2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
3 Талдау және математикалық қабілеттіліктері *Инженерлік менеджмент бағдарламасына үміткерлерлер міндетті түрде ALEKS тест тапсырады. GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері болса, үміткерлерлерге ALEKS тест тапсыру міндетті емес.
4 Негіздеме хаты Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық (тек Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы үшін).

Толық ақпарат

Жоғары бизнес мектебі - NU GSBsymbol 15 Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

Барлық бағдарламалар үшін жалпы ақпарат

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
— ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
— ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
— үміткер Nazarbayev University-дің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.

Қаржы
1 Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5.
2 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілі тестілеу нәтижелеріне қойылатын ең төменгі талаптар:
Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL-дың балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);

3 ALEKS/GRE/GMAT тестімен көрсетілген күшті оқу дағдылары, аналитикалық және математикалық дағдылар *Nazarbayev University-дің STEM бағдарламалары бойынша CGPA 3,0 немесе 4,0 CGPA-дан көп немесе Nazarbayev University-дің экономика бағдарламасы бойынша немесе топ-200 рейтингтік университеттерден үміткерлер
ALEKS/GRE/GMAT тесттерін тапсырмай-ақ өтініш бере алады.
4 Жалпы жұмыс өтілі Болған жағдайда
Іскери әкімшілендіру
1 Негізгі жоғары білімі Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады.
Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5;
2 Ағылшын тілі деңгейі Бағдарламаға түсу үшін ең төменгі талаптар:

Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

3 Жалпы жұмыс өтілі Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес болуы тиіс. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
4 Талдау және математикалық қабілеттіліктері Талдау және математикалық қабілеттіліктерін ALEKS/GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша)
5 Негіздеме хаты Жоғары мотивация болуы қажет.
6 Ұсыным-хаттар Екі құпия ұсыным-хат.

Толық ақпарат

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі - NU GSPPschool symbol 08 2 scaled Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

1 Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
2 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
– Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
– үміткер Nazarbayev University-дің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
3 Жоғары академиялық жазу дағдылары Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары (Мемлекеттік басқару саласындағы магистрі (онлайн) бағдарламасынан басқа)
4 Мемлекеттік саясат магистратура бағдарламасына қойылған жұмыс өтілі 2 жылдық жұмыс өтілі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 2 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін
5 Мемлекеттік басқару / Мемлекеттік басқару (Онлайн) магистратура бағдарламаларына қойылған жұмыс өтілі 3 жылдық жұмыс өтілі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 3 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін.

Толық ақпарат

Жоғары білім беру мектебі - NU GSEschool symbol 08 3 Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламалары

1 Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
2 Ағылшын тілін меңгеру деңгейі Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition-нан басқа) балама балы;
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
– үміткер Nazarbayev University-дің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
3 Жалпы жұмыс өтілі 1 жыл жұмыс өтілі. 1 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
4 Талдау және математикалық қабілеттіліктері Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
5 Негіздеме хаты Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

Толық ақпарат

Маңызды күндер

2026-2027 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер
vector 264 Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін және Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2026 жылғы 13 ақпан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)

Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: 2026 жылғы 17 шілде
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде

vector 264 Қабылдау талаптары Сұрақ-жауап толығырақ

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

Барлық грант түрлері: 2026 жылғы 24 ақпан
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: 2026 жылғы 17 шілде
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде

Хабарландырулар

Өмір сүру құны

Nazarbayev University-де білім алатын студенттің орташа айлық шығындары шамамен 400 АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш студенттің өмір салтына, жеке қажеттіліктері мен шығын құрылымына байланысты өзгеруі мүмкін.

Шетелдік студенттерге жатақханадан орын берілуіне кепілдік беріледі.

Ай сайынғы шығындар шамамен (USD):

  • Кампуста тамақтану — шамамен 300 USD
  • Жатақханада тұру — шамамен 55 USD
  • Көлік шығындары — шамамен 15 USD
  • Кір жуу қызметтері — шамамен 8 USD
  • Спорт орталығына мүшелік — шамамен 10 USD
  • Қосымша медициналық сақтандыру — шамамен 5 USD

Аталған шығындар студенттің кампус инфрақұрылымын, тамақтану, медициналық және спорттық қызметтерді толық пайдалануына мүмкіндік береді және жайлы студенттік өмір сүру жағдайларын қамтиды. Нақты шығын көлемі жеке таңдау мен қажеттіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Сұрақ-жауап

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Nazarbayev University Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Nazarbayev University-дің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған.  Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Nazarbayev University-дің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.

Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.

Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы NU-ға оқуға қабылдану кезінде  және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.

Nazarbayev University-де оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

Редактирование