1 – қадам. Жеке кабинетте оқуға шақырту хатын алу
Қаржылық қолдауға өтінім беру үшін талапкер жалпы қабылдаудың барлық шарттарын орындап, оқуға шақырту хатын алу қажет*. Өтінім беру Жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
*Егер шақырту хатында минималды талаптарға сәйкес келетін IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну шарты болса, қаржылық қолдауға өтінім қарастырылмайды. Қаржылық қолдауға жіберілген өтінім қарастырылу үшін IELTS/TOEFL нәтижелері белгіленген минималды талаптарға сай болуы тиіс.
2 – қадам. Өтінім нысанын толтыру
Талапкер admissions.nu.edu.kz сайтындағы «Admission results» бөлімінде қаржылық қолдауға қарастырылу өтінім нысанын толтыру қажет. Қаржылық қолдауға өтінім қарастырылу үшін талапкер келесі санаттардың бірін таңдауы тиіс.
- NUET талапкерлері*
- SAT / ACT талапкерлері
- Халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары
- IB диплом иегерлері
- A-Level / NIS Grade 12 сертификатының иегерлері
- НУУАДБ (NUFYP) студенттері
Талапкердің қаржылық қолдауға өтінімі оның нәтижелері таңдалған санаттың минималды талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана қаралады. Белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтінім қарастырылмайды.
*NUET санатын таңдаған талапкер тест тапсыратын қаланы таңдап, NUET емтиханының құнын төлеуі қажет.
Маңызды: NUET емтиханының төлемінсіз өтінім қаралмайды және талапкер тестілеуге қатыса алмайды.
3 – қадам. Қажетті құжаттарды жүктеу
Таңдалған санатқа байланысты талапкер санат нәтижесін растайтын құжаттарды жүктеуі қажет. NUET санаты үшін құжаттарды жүктеу талап етілмейді.
4 – қадам. Өтінім беру
Қаржылық қолдауға өтінім беру процесін аяқтау үшін «Submit Financial Support Application» батырмасын басу керек. Өтінім бергеннен кейін өтінім нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.
Студенттерді оқуға қабылдау офисінің қызметкерлері өтінімді тексеріп, қажет болған жағдайда, түзетілуі тиіс құжаттар мен оларды түзету мерзімдері туралы ақпаратты талапкердің электрондық поштасына жібереді. Толық емес немесе қате рәсімделген (түзетілмеген) өтінімдер қаралмайды.
Маңызды: Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін ескеріп, оны жиі тексеруіңізді сұраймыз.
Келесі қадамдар
«NUET талапкерлері» санаты үшін:
NUET емтиханына 5 күн қалғанда емтиханның өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат, сондай-ақ емтиханда өзін-өзі ұстау ережелері талапкердің поштасына а жіберіледі.
Маңызды: Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін ескеріп, талапкер оны жиі тексеруі тиіс.
Барлық бағдарламар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары
NU Foundation бағдарламасына түсуге арналған талаптар
Nazarbayev University-дің университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.
| Минималды талаптар | Ескерту | |
| Ағылшын тілі | IELTS — 5.5 (жазу, оқылым- 5.5, тыңдалым, сөйлеу — 5.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL iBT балама балы |
IELTS үшін код: NU, Admissions Office TOEFL iBT үшін код: 6762
|
| Академиялық нәтиже
| NUET: 240-тан 120 (әр пән бойынша кемінде 50 балл: Математика/Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары) |
|
| Digital SAT: 1140 немесе ACT: 24 (ТЕК ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН) |
SAT — 7915 ACT — 5521
|
Бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған талаптар
| Минималды талаптар | Ескерту | |
| Ағылшын тілі | IELTS -6.0 (жазу — 6.0, тыңдалым, оқылым, сөйлеу — 5.5) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL iBT балама балы |
IELTS үшін код: NU, Admissions Office TOEFL iBT үшін код: 6762
|
| Академиялық нәтиже
| NUET: 240-тан 120 (әр пән бойынша кемінде 50 балл: Математика/Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары) |
|
| Digital SAT: 1240 немесе ACT: 26 |
SAT — 7915 ACT — 5521
| |
| Халықаралық пәндік олимпиада соңғы үш жылдағы алынған: алтын, күміс немесе қола медальдары,
Республикалық пән олимпиадасы бойынша соңғы жылда алынған.: алтын, күміс медальдары қаржылай колдау өтінімінің соңғы мерзіміне дейін ұсынылуы қажет. |
Халықаралық пәндік олимпиадалар:
Қазақстан Республикасының республикалық пәндік олимпиадалары:
| |
| IВ Diploma нәтижесі. Жалпы балл-30, жоғары деңгейдегі үш пән бойынша: 4/4/5 |
| |
| A-level/NIS Grade 12 Certificate нәтижелері: үш пән бойынша A, B, B |
Қосымша талаптар
NUET емтиханын тапсыруға рұқсат алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- Оқуға түсуге өтінім беру және минималды талаптарға сәйкес келетін IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:
- NUFYP: жалпы балл — 5.5; жазу мен оқылым — кемінде 5.5; сөйлеу мен тыңдалым — кемінде 5.0;
- Бакалавриат бағдарламалары: жалпы балл — 6.0; жазу — кемінде 6.0; оқылым, сөйлеу және тыңдалым — кемінде 5.5;
- немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL iBT балама балы.
- Жалпы қабылдау бойынша Университетке шақырту хатын алу.
- Өтінім нысанында «NUET Applicants» санатын таңдап, белгіленген мерзімде admissions.nu.edu.kz порталында NUET емтиханының құнын төлеп, қаржылық қолдауға өтінім беру.
- Студенттерді оқуға қабылдау офисінен келетін хабарламалар мен келесі нұсқаулықтарды жіберіп алмау үшін электрондық поштаны жүйелі түрде тексеріп отыру.
Маңызды мерзімдер
NUFYP және бакалавриат бағдармалар
Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:
Қаржылық қолдауға қарастырылу үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі:
NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, шетел талапкерлерін қоса алғанда): 2026 жылғы қазан — кейін жарияланады.
Шетел талапкерлері (тек бакалавриат бағдарламаларына және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT бойынша): 2026 жылғы қазан — кейін жарияланады
Қалған санаттар (тек бакалавриат бағдарламаларына) (SAT/ACT талапкерлері, IB Diploma, A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері, олимпиада жеңімпаздары): 2026 жылғы қазан — кейін жарияланады
NUET 2027 күндері:
кейін жарияланады
Сабира Байдилдина
Center for Preparatory Studies • Университет алдындағы дайындық және Бакалавриат бағдарламалары



Разида Кенес
School of Mining and Geosciences • Бакалавр. Мұнай және газ ісі, 2023



Хабарландырулар
Өмір сүру құны
Nazarbayev University-де білім алатын студенттің орташа айлық шығындары шамамен 400 АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш студенттің өмір салтына, жеке қажеттіліктері мен шығын құрылымына байланысты өзгеруі мүмкін.
Шетелдік студенттерге жатақханадан орын берілуіне кепілдік беріледі.
Ай сайынғы шығындар шамамен (USD):
- Кампуста тамақтану — шамамен 300 USD
- Жатақханада тұру — шамамен 55 USD
- Көлік шығындары — шамамен 15 USD
- Кір жуу қызметтері — шамамен 8 USD
- Спорт орталығына мүшелік — шамамен 10 USD
- Қосымша медициналық сақтандыру — шамамен 5 USD
Аталған шығындар студенттің кампус инфрақұрылымын, тамақтану, медициналық және спорттық қызметтерді толық пайдалануына мүмкіндік береді және жайлы студенттік өмір сүру жағдайларын қамтиды. Нақты шығын көлемі жеке таңдау мен қажеттіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Жиі қойылатын сұрақтар
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Nazarbayev University-дің Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Бағдарлама Nazarbayev University-дің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Nazarbayev University-дің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Nazarbayev University-дің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы NU-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Nazarbayev University-де оқу қай тілде жүргізіледі?
Nazarbayev University-де оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.












