Microsoft-тың Солтүстік Еуропа және Орталық Азия бойынша президенті NU-ға келді

Nazarbayev University Microsoft Northern Europe and Central Asia президенті Барбора Паулович Деккерова бастаған Microsoft компаниясының делегациясын оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары аясында қабылдады.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, заманауи цифрлық шешімдерді университеттің білім беру және зерттеу үдерістеріне енгізу, сондай-ақ NU-дың қолданыстағы ақпараттық жүйелерін дамыту бағыттарында ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

NU Президенті Вакар Ахмад университет қызметкерлері мен студенттері әзірлеген ғылыми әзірлемелер мен инновациялық жобалар туралы айтып, жетекші жаһандық технологиялық компаниялармен стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

ISSAI бас директоры Атакан Варол институттың озық жобаларын таныстырып, олардың қатарында KazLLM үлкен тілдік моделі, сондай-ақ Mangisoz және Oylan өнімдері бар екенін айтты. Бұл жобалар Қазақстанның ғылыми-технологиялық және жасанды интеллект экожүйесін нығайтуға бағытталған.

Барбора Паулович технологиялар мен ғылыми-білім беру саласындағы жетекші өңірлік орталық ретінде Nazarbayev University-дің маңызды рөлін атап өтіп, жақын болашақта студенттер мен қызметкерлер үшін дәріс оқуға қызығушылық білдірді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53