Астанада жетешкі ғылыми зерттеу жұмыстары жөнінде ауқымды конференция өткізілмек

Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жетекші және болашағы зор зерттеушілердің басын қоспақ. Қатысушылар өздері жүргізіп жатқан ғылыми жұмыстардың соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, маңызды сұрақтарды ортаға салып, оларды халықаралық сарапшылармен талқыламақ.

Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жетекші және болашағы зор зерттеушілердің басын қоспақ. Қатысушылар өздері жүргізіп жатқан ғылыми жұмыстардың соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, маңызды сұрақтарды ортаға салып, оларды халықаралық сарапшылармен талқыламақ.

“Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының болашағын қалыптастыру: жеңіске жету жолындағы ортақ жұмыс” тақырыбындағы конференция инновациялар жасау кезінде ынтымақтастық орнатуға шақырады. Халықаралық сарапшылар, қазақстандық зерттеушілер мен түрлі салалардағы студенттерді біріктіре отырып, бұл конференция Қазақстан алдындағы ғылыми міндеттерді шешуге шабыттандыратын алаңға айналмақ. Үш күн ішінде қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша пікірталастар жүргізіп, білім және ғылыми тәжірибелерімен бөлеседі.

Сонымен қатар конференция барысында халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессиялар өтеді деп жоспарланып отыр, олар өз салаларындағы ғылыми жаңалықтармен бөлісіп, жалпы денсаулық пен әл-ауқат, жасанды интеллект, жаңа материалдар мен технологиялар, энергетика мен қоршаған орта, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық трансформация мәселелері талқыланбақ. Халықаралық және қазақстандық сарапшылар XXI ғасырда университетті қалай басқару керектігі және университет зерттеулерін коммерцияландыру туралы сөз қозғайды.

Оған қоса конференция аясында екі симпозиум өтеді. III Жаңа материалдар мен құрылғылар жөніндегі халықаралық симпозиумда энергияны жинау және сақтау, біртекті және гетерогенді катализ, сенсорлар және биомедицинада қолданылатын оптикалық, магниттік, каталитикалық, оптоэлектрондық және электронды материалдар мен құрылғылар саласындағы соңғы әзірлемелер ұсынылады. NU жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) симпозиумында Қазақстандағы ЖИ саласындағы соңғы және болашақ әзірлемелер талқыланатын болады.

Конференцияның басты оқиғасы Three Minute Thesis финалдық конкурсы (3 минуттық диссертация) болмақ. Алғаш рет 2008 жылы Квинсленд университетінде өткізілген бұл конкурс қазір халықаралық деңгейде танылған, онда докторанттар үш минуттың ішінде өз зерттеу жұмыстарының маңызын аудиторияға жеткізе алуы керек. «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры NUARC 2024 ресми бірлескен ұйымдастырушысы болып табылады.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53