2027-2028 оқу жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) және бакалавриат бағдарламаларына өтінімдерді қабылдау басталды.
Өтінім беру үшін талапкерлер келесі қадамдарды орындау қажет:
- Жеке кабинет ашу. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу.
- Өтінім беру нысанын толтыру және құжаттарды жүктеу. Толық ақпарат пен талаптарды осы жерден табуға болады.
- Тіркелу жарнасын төлеу және өтінім беру. Тіркелу жарнасы сәтті төленгеннен кейін өтінім берілген болып есептеледі. Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Өтінім нәтижесіне немесе төлем жасау кезінде туындауы мүмкін қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
- IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну. Жеке кабинетте қолжетімді Нұсқаулыққа жүгініңіз.
Маңызды: IELTS/TOEFL/SAT/ACT нәтижелерін Назарбаев Университетіне ұсыну үшін Жеке кабинетте берілген нұсқаулықтарды орындау қажет. Әйтпесе, IELTS/TOEFL/SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды.
Өтінім беру мерзімдері: кейінірек жарияланады.
Нақты күндер Университет сайтындағы «Жалпы қабылдау — Маңызды мерзімдер» бөлімінде жарияланады.
Қаржылай қолдау
Қаржылай қолдау алу мүмкіндігін қарастыратын талапкерлер оқуға шақыру хатын алғаннан кейін таңдалған санаттың талаптары мен мерзімдеріне сәйкес қаржылай қолдауға жеке өтінім беруі қажет. Толық ақпаратты осы жерден табуға болады.
Егер талапкер жалпы қабылдау аясында оқуға шақыру хатын қабылдаса, оның қаржылай қолдауға берген өтінімі қарастырылмайды.
Қаржылай қолдауға өтінім беру мерзімдері: кейінірек жарияланады.
Нақты күндер Университеттің сайтындағы «Қаржылай қолдау және гранттар — Маңызды мерзімдер» бөлімінде жарияланады.
Талапкерлерге NU сайтындағы жаңартуларды қадағалау, өтінім нысанында көрсетілген электрондық поштаны тексеру және Жеке кабинеттегі өтінім cтатусын бақылау ұсынылады.
Тіркелу немесе өтінім беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, талапкерлер info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласа алады. Хатта ЖСН (тиісті жағдайда) және Жеке кабинетте берілген Applicant ID көрсетілуі қажет.








