Академиялық кеңес беру офисі бірінші AAO Radiolab1 подкастты іске қосты

Академиялық кеңес беру офисі (АКБО) AAO Radiolab1 подкастының бірінші эпизоды Аpple Podcasts және YouTube платформаларында тындауға болады. Подкаст барысында АКБО-ның эдвайзерлері студенттерден келген анонимді хаттарын талқылайды.

Академиялық кеңес беру офисі (АКБО) AAO Radiolab1 подкастының бірінші эпизоды Аpple Podcasts және YouTube платформаларында тындауға болады. Подкаст барысында АКБО-ның эдвайзерлері студенттерден келген анонимді хаттарын талқылайды. Бұл хаттарда әр-түрлі отбасылық және жеке мәселерден, мысалғы, қоғамның пікірі, перфекционизм, оқуға мотивация, студенттің алаңдаушылықтары мен сезімдері туралы айтылады. Бұл хаттар офис эдвайзерлеріне, NU оқытушылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ АКБО студенттер бөлімінің командасына жіберілді және талқыланды. Олар өздерінің тәжірибелерімен және академиялық мәселелер бойынша түсінігімен бөліседі.

“Мәселелерді шешпей, олардан қашу одан да көбірек қиындықтарға әкелуі мүмкін. Біз студенттерді тыңдай ғана қоймай, олар өздерін қауіпсіз сезуіне және проблемалары естілуіне сенімді болу үшін қолдау көрсетеміз. AAO Radiolab1 подкаст сіздің ой-пікіріңізді дамытуға және қиындықтарды жеңуге, тиімді кеңестер, қызықты жаңа түсініктер мен стратегияларды табуға көмектеседі деп үміттенеміз,” деді АКБО менеджері Зарина Сыздыкова.

2023-ші жылдың көктем семестрінде подкастта студенттердің күнделікті кездесетін бірқатар қиындықтарды қозғалмақ. Үш тілде дайындалған подкасттың қонақтары: Регистратор Офисіның бас менеджері Олжас Тұяқбаев, NU SSh оқу пәндерінің директоры Галия Сагандыкова, NU SSH аға менеджері Бекнұр Қарағұл, АКБО студент-кеңесшісі және АКБО инструкторы Айдын Тайшыбай.

Бүгін жазылыңыз және өзіңіздің күшті жақтарыңызды ашу және барлық мәселелерді шешуге болатынын сезіну үшін АКБО командасына қосылыңыз!

Apple Podcasts:https://podcasts.apple.com/kz/podcast/aao-radiolab-1/id1667199596

YouTube: https://youtube.com/playlist?list=PLReOd30bmLqsbnxIjwzHz8l-jc-Wk1MHL

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53