
НУ-да INESS-2022 конференциясы өтті
Осымен оныншы мәрте өткізілген «Наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелері» атты халықаралық конференцияға Наньян технологиялық университеті (Сингапур), Джорджия технологиялық институты (АҚШ), Токио Метрополитен университеті (Жапония), Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Орал федералдық университеті (Ресей), Ұлттық Тайвань университеті және басқа да халықаралық университеттерден 160-қа жуық ғалым қатысты. Бұл жолы басқосуда Сингапур, Жапония, Корея, АҚШ, Ресей, Тайвань, Швейцария, Түркия және Қазақстан ғалымдары өз диссертацияларын ұсынды.








