
NU мен ҚазҰУ бірлескен медициналық зерттеулер жүргізуге келісті
Қол қою рәсімі Алматыда 16-17 сәуірде өтіп жатқан Жаһандық денсаулық сақтау Еуразиялық академиялық альянсының 2-ші конференциясы аясында өтті. Меморандумның мақсаты-білім беру, ғылыми зерттеулер және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту.








