
NU ғалымдары сөйлеуді автоматты түрде танудың түркі тілдеріне арналған технологиясын жасады
Сөзді автоматты түрде тану – бұл Siri және Alexa дауыстық көмекшілердің, виртуалды ассистенттердің және дауыс жүйелерінің үлгісі бойынша адамның сөйлеген сөздерін мәтінге айналдыру технологиясы. Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (NU ISSAI) ғалымдары он түркі тілін — қазақ, әзірбайжан, башқұрт, өзбек, қырғыз, саха, татар, түрік, ұйғыр және чуваш тілдерін танитын жаңа модель әзірледі.








