
NU Медицина мектебінде биомедицина мен генетикадағы соңғы жетістіктер талқыланды
2023 жылғы 13 наурызда Астанада Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Генетика және физиология институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулердің даму перспективалары» ғылыми конференциясы өтті. Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулерді дамытуға арналған конференцияда қатысушылар ағымдағы үрдістер мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ осы саланың сарапшылары идеяларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты.








