
NU ғалымдары органикалық фотоэлементтердің жаңа қасиетін ашты
Ассистент-профессор Виктор Брустың жетекшілігімен Физика департаментінің ғылыми тобы қарқынды дамып келе жатқан коммерциялық және ғылыми ғарыштық бағдарламаларда қажет заманауи радиацияға төзімді оптоэлектрондық және фотоэлектрлік құрылғыларды әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізуде. Органикалық фотодиодтар мен фотоэлементтер үнемді және аса жеңіл оптоэлектронды және энергия жинақтаушы құрылғыларды өндіруде пайдалану үшін перспективалы болып табылады.








