
NU студенттері ауруханаларда оңалту мақсатында қолданылатын роботтарды құрастырды
Қауымдастырылған профессор Прашант Джамвалдың «Оңалту мақсатында қолданылатын роботтар» курсын оқу барысында Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, сондай-ақ Медицина мектебінің білім алушылары бірігіп, ауруханаларда оңалту мақсатында қолданылатын роботтардың функционалды прототиптерін құрастырып шықты. Қорытынды жобаларды таныстыру шарасына «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Jas Ventures» ЖШС өкілдері және «Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы» КЕАҚ дәрігерлері шақырылды.








