Ұлы Дала ізашарлары: NU-да кәсіпкер әйелдер туралы кітап ұсынылды

Олардың ШОБ жалпы көлемінен ЖІӨ-ге қосқан үлесі шамамен 40% құрайды, бұл көрсеткіш баяу, бірақ сөзсіз өсуде. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова 18 сәуірде NU-да өткен «Ұлы Дала ізашарлары: Қазақстанның іскер әйелдерінің шабыттандырар сұхбаттары» кітабының тұсаукесерінде айтты.

Олардың ШОБ жалпы көлемінен ЖІӨ-ге қосқан үлесі шамамен 40% құрайды, бұл көрсеткіш баяу, бірақ сөзсіз өсуде. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова 18 сәуірде NU-да өткен «Ұлы Дала ізашарлары: Қазақстанның іскер әйелдерінің шабыттандырар сұхбаттары» кітабының тұсаукесерінде айтты.

«Бұл кітап тек шабыттандырмайды, ол үйретеді. Оның беттерінде оқырман кәсіпкерлік қызметтің негіздерін түсініп қана қоймай, сәттілік тарихын, өзіне деген сенімін, өз ісіне деген сенімін көре алады. Мен барлық 50 оқиғаны бір деммен оқып шықтым және ойладым: бұл әйелдерде қанша даналық, қанша төзімділік, қанша күш бар», — деп атап өтті кітаптың алғысөзін жазған Бижанова.

Жинақта стереотиптерді бұзатын және аяқ киім тігуден бастап жылу энергетикасына дейінгі түрлі салаларда табысқа жететін Қазақстанның 50 кәсіпкер әйелінің әңгімелері ұсынылған. Кітаптың кейіпкерлерінің қатарында атақты продюсер және актриса Баян Мақсатқызы, тележүргізуші және блогер Динара Сатжан және есімдері әлі белгісіз, бірақ қаттырақ айтылуы тиіс ондаған қазақстандық бар. NU Кәсіпкерлікті зерттеу орталығының (NURCE) мүшелері дайындаған бұл жинақ осы әйелдердің қиын жолы мен керемет жетістігін көрсетуге көмектеседі.

Жоба авторлары — Шумайла Юсафзай, Нұрлыхан Әлжанова және Нұрлан Құлбатыров, NURCE Директор мен мүшелері – кітап бизнестегі әйелдердің алдында тұрған проблемаларды ашып, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әлеуметтік кедергілерді жою жолдарын ұсынатынын айтты.

«Ұлы дала ізашарлары» кітабы қазақстандық әйелдердің айналысар кәсібі алуан түрлі екенін көрсетіп қана қоймайды, олардың жаңашыл идеяларға бай екенін, көшбасшылық қасиетін танытады. Кітап әйел басқарған кәсіпкерлік істің қуатын көрсетіп, экономикалық тұрғыдан өсіп, қоғамда оң өзгерістерге бастау болғанына оқырманның көзін жеткізеді,» — дейді кітаптың бірлескен авторы, NU Жоғары бизнес мектебінің Ассистент-профессоры, NURCE директоры Шумайла Юсафзай.

Көптеген кейіпкерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен презентацияға келіп, басқа кәсіпкер әйелдердің шабыттандыратын әңгімелерін тыңдау, бірлескен өсу нүктелері мен жаңа мүмкіндіктерді табу үшін келді. Жинақтың үш тілдегі көшірмелерін NURCE басқа университеттердің кітапханаларына, сондай-ақ Ұлттық кітапханаға жібереді. Сонымен қатар, презентация соңында авторлар жаңалықтармен бөлісті: олар қазірдің өзінде ерлер басым болатын салалардағы әйелдерге бағытталған жаңа кітап жазуды қолға алды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53