Қауіпсіздік саясаты: Эстонияның тәжірибесі

Эстония Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаменті Бас директоры Марге Мардисалу-Кахар ханым Назарбаев Университетінде «Эстонияның қауіпсіздік саясатының жолы» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәріс университет студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне арналды.

Эстония Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаменті Бас директоры Марге Мардисалу-Кахар ханым Назарбаев Университетінде «Эстонияның қауіпсіздік саясатының жолы» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәріс университет студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне арналды. Дәріске Эстонияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркіменстандағы және Өзбекстандағы Елшісі Томас Тирс мырза да қатысты.

Мардисалу-Кахар ханым өз дәрісінде Эстониядағы қауіпсіздік саясатының даму тарихына тоқталып, елге деген көзқарасымен бөлісті. Мардисалу-Кахар ханым Тарту Университетінде тарих бакалавры дәрежесіне және Орталық Еуропа Университетінде (Венгрия) қазіргі заманғы тарих магистрі дәрежесіне ие. Эстония Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры болып тағайындалғанға дейін ол Қауіпсіздік саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53