НУ-да бағдарлау апталығы басталады

Бағдарлау аптасы жаңа студенттердің тіркелуінен, Оқу қызметтері туралы келісімге қол қоюдан және кампус турлары кезінде университет табалдырығын алғаш рет аттап тұрған студенттерге қажетті заттардан тұратын сый-сияпатты тапсырудан басталады. Жаңа студенттер оқуды бастамас бұрын кампус, университет кітапханасының ресурстарымен танысуды, профессорлардың тапсырмаларын бақылау үшін оқу платформасын пайдалануды және курстарға тіркелуді үйренеді.

Университет қызметкерлері мен волонтерлер инфрақұрылым мен студенттік клубтар туралы, ал мектептердің профессорлары оқу процесі мен оқу бағдарламалары туралы әңгімелеп береді. Қазір Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Ғылым және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Тау-кен және геоғылымдар мектебі, Медицина мектебі, Жоғары білім мектебі, Жоғары бизнес мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі атты сегіз мектептен және НУ орталығынан тұрады. Білім беру 70 академиялық бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

«Қош келдіңіз және біз сізді қабылдағанымызға өте қуаныштымыз. Биыл бізге өтініштер көптеп түсті. Сіздер өтініш берген әрбір бес-алты үміткердің арасынан озып шыққандардың бірісіздер. Құттықтаймыз!» — деді НУ президенті Шигео Катсу студенттерге арнаған құттықтау бейнеүндеуінде.

Жаңа оқу жылында университетте 7000-ға жуық студент білім алатын болады. Оның 200-і 30-дан елден келген халықаралық студенттер. Бүгінгі таңда НУ студенттерінің 98%-ы тегін оқуда. Оның 95%-ы мемлекеттік грант иегерлері. Студенттердің жалпы санының 2 пайызы ақылы негізде білім алуда. Олар негізінен НУ Жоғары бизнес мектебінің магистратурасында оқиды.

Университетке қабылдау және білім беру толығымен меритократия принциптеріне негізделген. Біздің оқытушыларымыздың барлығында PhD дәрежесі бар. Олар ғылым мен ұстаздықты ұштастырып жүрген белсенді зерттеушілер. Студенттер ғылыми жобаларға қатысуға бірінші курстан бастап өтініш бере алады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53