Қазақстандық студенттердің «жасыл» жобалары көрсетілді

Наурыз айынының 28-29 жұлдыздарында Қазақстанның жоғарғы оқу орындар өкілдерінің қатысуымен Sustainability Living Lab (SLL) Бағдарламасының Конференциясы өткізілді. Бұл бағдарламаны Шеврон компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінің Тұрақты Даму Офисі мен «National Conservation Initiative» Корпоративті қоры жүзеге асырады.

Наурыз айынының 28-29 жұлдыздарында Қазақстанның жоғарғы оқу орындар өкілдерінің қатысуымен Sustainability Living Lab (SLL) Бағдарламасының Конференциясы өткізілді. Бұл бағдарламаны Шеврон компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінің Тұрақты Даму Офисі мен «National Conservation Initiative» Корпоративті қоры жүзеге асырады.

SLL бағдарламасының мақсаты — университеттердің жасыл бастамаларына қолдау көрсету. Бұл бағдарлама студенттер мен оқытушыларға инновациялар мен қолданбалы зерттеулерді қолдана отырып, әр түрлі экологиялық мәселелерді шешу арқылы кампустардың тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Шеврон компаниясының қолдауымен Sustainability Living Lab бағдарламасы Назарбаев университетінде 2019 жылы бастау алды. 2020 жылдан бастап бағдарламаны басқа университеттерге де кеңейту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Sustainability Living Lab Outreach бағдарламасы Қазақстанның 10 университетінде жүзеге асырылуда.

Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен 60-тан астам студенттер, профессорлар мен сарапшылар жиналды. Конференцияның бірінші білім беру күні аясында студенттер тұрақты энергетикадағы заманауи шешімдер және жылдам сәннің қоршаған ортаға теріс әсері туралы көп мағлұмат алды, сонымен қатар климаттың өзгеруі және суды үнемдеу туралы мифтерді талқылады.

Конференция аясында Sustainability Living Lab Outreach бағдарлама қатысушылары университеттерінде жүзеге асырылатын жасыл жобаларын таныстырды. Бұл жобалар энерготиімділікті арттыру, пластикті қайта өңдеу, кампусты көгалдандыру, жанармайдың баламалы көздері, жасыл стандарттарды енгізу және т.б. бағыттарды қамтиды.

Мәселен, НУ студенттері Гүлфайруз Қарекен, Нұртай Қожагелді, Айжан Тұқазибан профессор Чан Сон Сонның жетекшілігімен пластик пен шыны қалдықтарын геополимерлі бетонға өңдеу жобасының нәтижелерімен бөлісті. Жобаның арқасында қалдық көлемі азайып, кампус брусчатка, бордюр, орындықтар, вазалар, сәндік мүсіндер сияқты сапалы газдалған бетон бұйымдарымен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ биылғы жылы НУ Атриумында студенттер Батырхан Исембекұлы мен Тұран Нұрғожин нағыз бақ-Жерорта теңізі биомын отырғызды, ал NURIS аға инженері Анвар Колумбетов кампустағы энергия тұтынуды бақылауға арналған қосымшаны жасады.

Бұдан басқа ЖОО өкілдері тұрақты даму саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ал студенттер болса қайта өңделген шыныдан түрлі бұйымдарды дайындау бойынша мастер-классқа қатысты. Бұл ҚарУ студенттері Рүстем Қожабаев пен Никита Маковейдің жобасы, олар әйнектен түрлі шамдар мен қораптар ал пластик қалдықтарынан 3D принтер үшін жіптер жасап шығарады.

Еске сала кетейік, Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында 60 астам жасыл жоба жүзеге асырылып, экологиялық сананы өзгертуге және еліміздің жоғары оқу орындарында түрақты даму үрдісіне үлес қосуда.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53