
Қазақ тілі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектебіне онлайн тіркелу басталды
Назарбаев Университетіндегі Қазақ тілі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектебі (SSKES) биылғы жылы студенттерге қазақ тіліне терең үңілуге, қазақ және посткеңестік мәдениеттерімен танысуға мүмкіндік беретін қарқынды академиялық бағдарлама болып табылады. SSKES 2022-нің негізгі компоненті тілдің барлық аспектілері бойынша оқытудың толық оқу жылының (8 апта) баламасын ұсынатын қазақ тіліндегі қарқынды курстар болады.








