
Назарбаев Университетінің Президенті мемлекеттік медальмен марапатталды
2018 жылдың 3 шілдесінде Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырзаны «Астана қаласының дамуына зор үлес қосқан үшін» мемлекеттік медалімен марапаттады. Еуразия жүрегінде, Астана қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан — Назарбаев Университеті, осылайша еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететін ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға бағытталған.








