
Назарбаев Университетінде Қазақстан мектептеріндегі білім беру саласындағы маңызды трендтер талқыланды
Метақұзыретке бағыттанушылық, педагогтардың біліктілігін арттыру, «жалпыға ортақ білім беруден» «жеке сапалы білім беруге» көшу, сондай-ақ мектеп менеджементі мен АКТ-технологияларын дамыту – заманауи мектептік білім берудегі өзекті трендтер болып табылады. 2018 жылғы 20-21 желтоқсанда Назарбаев Университетінде біліктілікті арттыру курстарының жаттықтырушылары үшін «The second training conference for PDP trainers» тақырыбында екінші тәжірибелік конференция өтті, қатысушылар қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлін талқылады және ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдістер мен тәсілдер бойынша мастер-кластарға қатысты.








