
Назарбаев Университетінде жаңа оқу жылында студенттердің оқуға түсуі және алынуы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті
2014-2015 оқу жылында университет алдындағы дайындық бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін 3 362 талапкер тіркелді, олардың ішінде 771 адам оқуға түсудің ең төменгі талаптарын орындады, яғни Университетке түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырды және академиялық үлгерімдерін растады. Қорытындысында жоғарыда аталған бағдарлама бойынша 548 талапкер оқуды бастады, бұл тіркелген талапкерлердің 16,3%-ын құрайды.








