
Назарбаев Университетінде алғаш рет Киберспорт турнирі өтті
2018 жылдың 29 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Назарбаев Университетінде күздің ең үлкен оқиғасы — «Astana Atrium Games» және «Ашык есiк күні» киберспорттық турнирі өткізілді. Ресми ашылу рәсіміне Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Қазақстанның eSports ұйымдарының өкілдері және 5 мыңнан астам қатысушылар қатысты.








