
Назарбаев Университетінің студенттері Висконсин Мэдисон университетінде жазғы семестрді өткізді
2018 жылғы 12 тамызда Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің 14 үздік үшінші курс студенттері Назарбаев Университетінің қаражаты есебінен Висконсин Мэдисон университетінде (УВ-Мэдисон) АҚШ өткізілген шетелдік студенттерге арналған сегіз апталық бағдарламаны (VISP) аяқтады. VISP бағдарламасы барысында студенттер осы жазда Висконсин Мэдисон университеті ұсынған көптеген пәндер арасынан таңдап алынған 2-3 пән бойынша білім алды және 6-дан 9-ға дейін кредит жинады.







