
Назарбаев Университеті Қытай Халық Университетімен студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойды
2018 жылдың 7-8 маусым аралығында Назарбаев Университеті Профессор Ву Сяоцю басқаруымен келген Қытай Халық Университетінің делегациясын қабылдады. Профессор Ву Сяоцю VII Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумының «Университеттермен қолданылатын үздік тәжірибелер» сессиясында баяндамашылардың бірі болды, сонымен қатар Назарбаев Университетінің басшылығымен кездесті.








