Ғылым қызықты бола алады! Назарбаев Университетіндгі STEM-олимпиада
2019 жылдың 1-2 қарашасында Назарбаев Университетінде «STEM-білім берудегі инновациялар» бірінші республикалық STEM олимпиадасы өтті. Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты елдің жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің оқушылары арасында STEM білім беруді танымал ету, сондай-ақ инженерия, бағдарламалау, жобалау робот техникасы және 3D үлгілеу сияқты техникалық салаларда талантты балаларды іздеу болып табылады.







