«Табиғи ресурстарды тұрақты басқару: маңызды шикізатты барлау, өндіру, өңдеу және жеткізу тізбегі» тақырыбында өткен воркшоптың басты мақсаты — экономиканың жасыл және цифрлық трансформациясын жеделдету шеңберінде Қазақстанның шикізат индустриясын дамытудың өзекті жағдайы мен әлеуеті бойынша шикізат саласының өкілдері, ғылыми қоғамдастық пен саяси институттар арасында пікір алмасу. Құттықтау сөзінде Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы доктор Илесанми Адесида семинар қатысушыларына алғыс айтып, Назарбаев Университеті мен басқа серіктес жоғары оқу орындарының Қазақстандағы тұрақты білім беру және зерттеу тәжірибелерін ілгерілетудегі басты рөлін атап өтті.