
NU президенті Шигео Катсу: «Қазақстан-2050» стратегиясы әлі де өзекті ме?»
Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мырза «Қазақстанның өңірлік дамуы: проблемалары мен келешегі» курсының аясында «Қазақстан және 2050: бұрынғы стратегия әлі де өзекті ме?» тақырыбындағы дәрісімен «Аналитика мектебі» бағдарламасының спикері болды. 30 жылдан астам тәжірибесі және 50 елде зерттеулер мен дәлелді саясат бойынша кеңес берудегі жетістіктері бар көрнекті экономист және саясаткер Катсу мырза — «Қазақстан-2050» Стратегиясының бас редакторы және Қазақстан үкіметі қабылдап, жүзеге асыруға міндеттенген бес институционалдық реформа авторларының бірі.








