
Назарбаев Университеті жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуда
Назарбаев Университеті (NU) отандық және жаһандық компаниялармен ынтымақтастықты белсенді дамытып және қолдап, NU студенттері мен түлектерін табысты жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасайды. 2023 жылдың 14 желтоқсанында Назарбаев Университетінің Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы (CAC) өткізген кездесуі Stadler Kazakhstan, Wabtec Corporation, Alstom, BI Group, PwC, Deloitte, KPMG Кавказ және Орталық Азия, «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қоры сияқты 26 серіктес жұмыс берушінің HR қызметкерлерін біріктірді.








