
Назарбаев Университеті Торонто университетімен ынтымақтастық орнатты
Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, студенттік ұтқырлық бағдарламалары, оқытушылармен алмасу, дәрістерге, конференцияларға және басқа да академиялық іс-шараларға қатысу бойынша ынтымақтасуға келісті. Студенттік ұтқырлық туралы келісім аясында әр университеттің төрт бакалавриат және магистратура студенттері алмасу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.








