
NU тұрақты даму саласындағы шешімдерді іздеу жөніндегі БҰҰ аймақтық желісінің мүшелігін кеңейтті.
2023 жылғы 27 қаңтарда Назарбаев Университетінің (NU) президенті, сонымен бірге БҰҰ Тұрақты даму шешімдерінің қазақстандық желісінің (SDSN Kazakhstan) төрағасы Шигео Катсу, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің осы Ұлттық желіге кіруінің ресми рәсіміне қатысты. Өткен жылы БҰҰ агенттіктерімен, көпжақты қаржы институттарымен, жеке сектормен және азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс істейтін жаһандық SDSN Назарбаев Университетін Ұлттық SDSN желісінің штаб-пәтері ретінде бекітті.








