Mirai Tech Силикон алқабындағы халықаралық байқауда екінші орын алды

Nazarbayev University (NU) базасында әзірленген ғылыми жоба негізінде құрылған Mirai Tech стартапы Силикон алқабында өткен WT Innovation World Cup USA 2026 халықаралық байқауында екінші орын алды. Байқау киілетін технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерге арналды. Mirai Tech спортшылардың жаттығу және жарыс кезіндегі қозғалысын талдауға мүмкіндік беретін биомеханикалық технологияларды әзірлейді. Бұл шешім қозғалыстағы өзгерістерді бақылауға, жаттығу жүктемесін тиімді […]
Қазақстанда ғылыми негізделген психотерапияны дамыту мәселелері NU-да талқыланды

Nazarbayev University-де когнитивті-мінез-құлықтық терапия бойынша Қазақстандағы алғашқы конгресс өтті. Оған психикалық денсаулық саласында қызмет ететін 200-ден астам маман, зерттеуші, оқытушы және халықаралық сарапшы қатысты. Конгрестің негізгі тақырыптарының бірі – Қазақстанда ғылыми дәлелдерге сүйенетін психотерапияны дамыту. Бұл бағыт заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, терапия әдістерінің тиімділігін бағалауды, мамандарды кәсіби даярлауды және этикалық талаптарды сақтауды негізге алады. Іс-шараны […]
Sustainability Week 2026 студенттер мен Астана жастарын біріктірді

NU-да экологиялық сауаттылықты арттыруға, жауапты тұтынуға және тұрақты дамуға арналған Sustainability Week 2026 апталығы өтті. Апталық аясында NU студенттері мен қызметкерлері Астана жастарының қатысуымен заттарды қайта пайдаланудан бастап, қаладағы ағынды суларды тазарту үдерісімен танысуға дейінгі практикалық бастамаларға қатысты. Апталықтың негізгі шараларының бірі — Астанадағы жоғары оқу орындарынан тоғыз студенттік команда қатысқан университетаралық Eco Quiz болды. […]
Стратегия, қаржы және басқару: әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасының екінші модулі өтті

9–10 қыркүйек күндері NU-да Women Leadership Development Programme (WLDP) бағдарламасының екінші модулі өтті. Екі күндік интенсивке ғылым, мемлекеттік басқару, бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдерінен құралған 80-ге жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама стратегиялық көшбасшылық, қаржылық шешімдер қабылдау және тиімді басқару мәселелеріне арналды. Іс-шараны NU вице-президенті, бағдарлама авторларының бірі Гүлмира Қанай ашты. Екі күн бойы қатысушылар гранттық […]
Оқытушылар мен студент-кәсіпкерлер инновацияларын жаһандық нарыққа шығаруда

Nazarbayev University студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің идеялары мен ғылыми әзірлемелерін технологиялық жобаларға айналдырып, оларды халықаралық нарықтарға шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық экожүйені дамытып келеді. Бұл экожүйенің маңызды бөлігі — Nazarbayev University Science & Technology Park (NU STeP) пен Стэнфорд университетімен байланысты коммерциялық емес StartX акселераторы арасындағы стратегиялық серіктестік. 2022 жылдан бері NU STeP атынан 18 жоба […]
NU Орталық Азиядағы таланттар мен инновацияларды дамытуға қатысты өз көзқарасын ұсынды

Орталық Азияда сапалы жоғары білімге сұраныс артып келеді. Осыған байланысты жастардың әлеуетін ашып, өңірде өз болашағын қалыптастыруына мүмкіндік беретін қолайлы орта құрудың маңызы да арта түсуде. Бұл мәселе China Conference: Central Asia 2026 конференциясында кеңінен талқыланды. Жиында Nazarbayev University басшылығы адами капиталды дамыту, биотехнология мен жасанды интеллектіні ілгерілету, сондай-ақ білім берудің елдер арасындағы байланысты нығайтудағы […]
Nazarbayev University мен South China Morning Post өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Nazarbayev University мен 122 жылдан астам тарихы бар Гонконгтың ағылшын тіліндегі South China Morning Post (SCMP) басылымы 2026 жылғы 6 қыркүйекте өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат SCMP-ның Орталық Азиядағы капитал ағындары, технологиялық инновациялар және экономикалық әлеуетке арналған негізгі конференциясы — China Conference: Central Asia 2026 қарсаңында рәсімделді. Келісім NU-дың зерттеулері мен академиялық сараптамасын […]
NU Fest: Generation AI — тіркелу басталды

26 қыркүйек | Nazarbayev University Тіркелу ашық: ohd.nu.edu.kz 26 қыркүйекте Nazarbayev University кампусында NU Fest: Generation AI фестивалі өтеді. Жасанды интеллект қазірдің өзінде біздің оқуымызға, жұмысымызға және күнделікті өмірімізге әсер етіп жатыр. Ол код жазады, деректерді талдайды, медицинада шешім қабылдауға көмектеседі, жаңа технологиялар мен өнімдерді жасауға мүмкіндік береді. Ал ертең қандай болады? AI дамыған заманда […]
Қазақстанды өндірістік елге қалай айналдыруға болады: NU-да индустрияның болашағы талқыланды

Қазақстанды бәсекеге қабілетті өндірістік елге қалай айналдыруға болады? Бұл мәселе 2–4 қыркүйек күндері NU-да өткен Өндіріс саласындағы зерттеулер жөніндегі 23-ші халықаралық конференцияның (International Conference on Manufacturing Research — ICMR 2026) негізгі тақырыптарының біріне айналды. 40 жылға жуық тарихы бар ICMR конференциясы өндіріс пен инженерия саласындағы жаңа технологиялар мен өзекті мәселелерді талқылау үшін ғалымдарды, оқытушыларды және […]
NU мен ICTO төмен көміртекті технологиялар саласындағы бірлескен

NU президенті, профессор Вакар Ахмад Көмірқышқыл газын тұту, пайдалану және сақтау саласындағы инновациялар жөніндегі халықаралық кооперативтік ұйымының (ICTO) төрағасы доктор Ма Юншэн бастаған делегациямен кездесті. Делегацияның сапары 1–2 қыркүйек күндері Астанада өткен Халықаралық CCUS 2026 технологиялық конференциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл — ICTO-ның Қытайдан тыс жерде алғаш рет өткізген халықаралық конференциясы. Іс-шараны ұйымдастыруға Nazarbayev University жанындағы […]