26 қыркүйекте Nazarbayev University кампусында NU Fest: Generation AI фестивалі өтеді.
Жасанды интеллект қазірдің өзінде біздің оқуымызға, жұмысымызға және күнделікті өмірімізге әсер етіп жатыр. Ол код жазады, деректерді талдайды, медицинада шешім қабылдауға көмектеседі, жаңа технологиялар мен өнімдерді жасауға мүмкіндік береді.
Ал ертең қандай болады?
AI дамыған заманда қандай мамандықтар өзгереді? Қандай дағдылар сұраныста болады? Университетте болашаққа дайындалу үшін нені үйрену керек?
Осы және басқа сұрақтарға жауапты NU Fest: Generation AI фестивалінен таба аласыз.
Фестиваль барысында сіз:
— AI және болашақ мамандықтар туралы дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысасыз;
— Nazarbayev University-де жасалып жатқан технологиялық жобалармен танысасыз;
— зертханаларды аралап, университеттің зерттеу жұмыстарын көресіз;
— студенттермен және оқытушылармен сөйлесесіз;
— білім беру бағдарламалары мен оқуға түсу талаптары туралы ақпарат аласыз;
— қаржылық қолдау мүмкіндіктерімен танысасыз;
— кампусты аралап, NU студенттік өмірін жақынырақ сезінесіз.
Ал ең қызығы — жүлделер ұтысына қатыса аласыз!
- IELTS емтиханын екі рет тегін тапсыру мүмкіндігі
- NU фирмалық өнімдерінің 10 жиынтығы
- Серіктестерден арнайы сыйлықтар
Ұтысқа қатысу үшін фестивальге тіркеліп, жеке маршрутыңызды алып, ондағы барлық міндетті нүктеден өту қажет.
Қорытынды ұтыс 14:40–15:30 аралығында Main Hall залында өтетін Ask NU сессиясы кезінде ұйымдастырылады.
26 қыркүйек | Nazarbayev University
Тіркелу ашық: ohd.nu.edu.kz
Тіркелгеннен кейін жеке QR-кодыңызды сақтап қойыңыз — ол фестивальге кіру үшін қажет.
NU Fest: Generation AI-де кездескенше!








