Назарбаев Университетінің Ректоры Шигео Катсу атап өткендей, Университеттің негізінде «Самұрық-Қазына» қоры тобының қызметкерлеріне арналған оқу бағдарламалары қарастырылатын болады. Өз кезегінде Назарбаев Университетінің студенттері «Самұрық-Қазына» қорының тобына кіретін компанияларда практикадан өту мүмкіндіктеріне ие болады. «Сонымен қатар, біз «Самұрық-Қазына» қоры мен қордың қарамағындағы ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне арналған оқу бағдарламаларын жетілдіреміз. Біз лабораториялық зерттеулерді өндірістік нысандарда іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін ғылыми инновациялық-техникалық ізденістерді бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Шигео Катсу.
Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті: 010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115 +7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090







