Университетке БҰҰ делегациясы келді

Азия-Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ESCAP) атқарушы хатшысы Армида Алишахбана бастаған делегацияны университет вице-президенті Дархан Біләлов күтіп алды. Кездесу кезінде шетелдік қонақтарға университет кампусы мен кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді.

Азия-Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ESCAP) атқарушы хатшысы Армида Алишахбана бастаған делегацияны университет вице-президенті Дархан Біләлов күтіп алды. Кездесу кезінде шетелдік қонақтарға университет кампусы мен кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді. Оларға қазіргі кезде Орталық Азияда көш бастап тұрған NU-дың құрылу тарихы, университет зертханаларында жүргізіліп жатқан соңғы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы елеулі жетістіктер туралы айтылды.

Айта кетейік, 2-5 қыркүйек аралығы Астанада тұрақты даму мақсаттарына тезірек жету үшін цифрлық технологияларды енгізу және трансформациялау, сондай-ақ өңірлік технологиялық бастамалар жөнінде конференция өтуде. Оны БҰҰ ESCAP Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлестікте ұйымдастырып отыр.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53