Сенат Төрағасы Британияның «BALEAP» академиялық қауымдастығының форумында сөз сөйледі

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «COVID-тің жоғары білімге әсері – New Framework – New Balance?» атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Сенаттың Баспасөз қызметі. Іс-шара BALEAP Британдық академиялық мақсаттағы ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының ұйымдастыруымен өтті.

Мәулен Әшімбаев академиялық ағылшын тіліне арналған халықаралық конференция ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын және практикалық ұсыныстар әзірлейтін маңызды алаң екенін атап өтті. Ағылшын тілін еркін меңгеру – ел дамуының және экономикалық өсудің негізгі факторы.

Конференция барысында University of Reading (Ұлыбритания) оқу орнының профессоры Лиз Уайлдинг, NU-дың академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Лоретта О’Доннелл және академиялық ағылшын тілі саласындағы тағы басқа сарапшылар сөз сөйледі.

BALEAP қауымдастығы жыл сайын кәсіби мәселелер бойынша төрт форум өткізеді. Биыл осындай форумдардың бірі алғаш рет Ұлыбританиядан тыс жерде ұйымдастырылып отыр. Қазақстанның академиялық ағылшын тілін оқыту мәселесіне арналған аталған беделді іс-шараны өткізу мүмкіндігіне ие болуы тегін емес. Бұған Nazarbayev University-дің 2019 жылдан бастап BALEAP қауымдастығының институционалдық мүшесі және бұл оқу орны Қауымдастықтың аккредитациясын алған ТМД елдері арасындағы алғашқы университет екені себеп болды.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53