2024 жылғы 23-24 сәуірде NU жанындағы National Laboratory Astana-да (NLA) Gen Era Diagnostics-пен бірлесіп ұйымдастырылған «The Illumina Genomics Day» атты форум өтті.
«The Illumina Genomics Day» – ғалымдарға тәжірибе алмасуға және бір-бірімен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін геномика саласындағы әлемдік көшбасшылар үшін маңызды шара. Форум Қазақстан, Өзбекстан, Армения және Ресей ғалымдарын жинады.
Іс-шара барысында Illumina Inc. компаниясының жетекші спикерлері жаңа буынды секвенирлеу саласындағы соңғы жетістіктерін ұсынды. Талқылау тақырыптары қатарында “Геномика арқылы адам денсаулығын жақсарту: нақты медицинаға жол”, «Illumina портфолиосындағы соңғы инновациялар және Illumina Complete Long-Read», «Қазақстанда адам генетикасын ілгерілету: Illumina технологияларын пайдалана отырып, жаңалық ашудан клиникалық шешімдерге дейін», «Геномды егжей-тегжейлі және жан-жақты талдау мақсатында Illumina Connected бағдарламасын және геномдық жасанды интеллектті пайдалану» болды. Геномдық және дербестендірілген медицина зертханасының (LGPM) ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруларын, қатерлі ісіктерді, туберкулезді, сондай-ақ толық геном мен экзоманы талдау үшін жаңа буынды секвенирлеудегі құнды нәтижелерімен бөлісті.
The Illumina Genomics Day-де өткен талқылаулар байланыстарды нығайтуға, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнатуға және болашақ жоспарларды белгілеуге ықпал етеді. LPM – 2012 жылдан бері Illumina платформаларын қолданып келе жатқан NLA-дағы жалғыз зертхана. Оның арсеналында MiSeq, HiSeq 2000 және NovaSeq 6000 сияқты платформалар бар. Өз кезегінде Gen Era Diagnostics, Illumina Inc. эксклюзивті дистрибьюторы, Illumina платформалары арқылы жүргізілетін түрлі эксперименттерге барлық қажетті реагентті ұсынады.








