Іс-шараның басты мақсаты бағдарлама қатысушыларын біріктіре отырып, білім мен тәжірибе алмасу үшін оңтайлы платформа құру болды. Семинардың бірінші күні қатысушылар тұрақты даму саласындағы сарапшылар мен белсенділердің презентацияларын тыңдап, сұрақтар қойып, білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Тақырыптар қалдықтарды басқарудан бастап экожүйені дамытудың инновациялық тәсілдеріне дейінгі көптеген мәселелерді қамтыды.
Іс-шараның екінші күні практикалық дағдылар мен инновацияларға арналды. Қатысушылар тұрақтылық саласында технологиялық стартаптарды құру және дамыту бойынша практикалық ұсыныстар алды. Табысты кәсіпкерлердің тәжірибесі мен озық идеялары қатысушыларды шығармашылық және практикалық әрекеттерге шабыттандырды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша дәрістер, кампус пен ЖЭК полигоны бойынша экскурсиялар өткізілді, сондай-ақ студенттер NURIS бизнес-инкубаторы мен акселераторының жұмысымен танысты.
Қатысушылар сонымен қатар жобаларды жүзеге асыру бойынша өз жоспарларымен бөлісті, соның ішінде жасыл шатырларды орнату, ескі киімдерді картиналар үшін кенептерге қайта өңдеу, Каспий теңізін тазарту құралын жасу, каппа-карагенаннан биологиялық ыдырайтын пленка жасау және т.б.
«Sustainability Living Lab бағдарламасы тұрақты инновациялық және қоршаған ортаны дамыту бағдарламаларының бірі болып табылады. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде SLL бағдарламасы 3 жыл бұрын жұмыс істей бастады және университетімізде өткен барлық экологиялық іс-шараларға түрткі болды. SLL бағдарламасы университет студенттерінің одан әрі жеке және әлеуметтік дамуына мотивациялық серпін болды», — деді Жәнібек Жартай, SLL бағдарламасының Қарағанды университетіндегі үйлестірушісі.
Sustainability Living Lab бағдарламасы алғаш рет 2019 жылы Назарбаев Университетінде университет қауымдастығының жасыл бастамаларын қолдау мақсатында іске қосылды. 2023 жылы SLL бағдарламасы 12 қазақстандық университетті қамтыды, қазір олардың әрқайсысында тұрақты дамуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып, студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға септігін тигізді.
Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында жүзеге асырылған студенттік жобалар университеттердегі тұрақты даму қозғалысының маңызды бөлігіне айналды. Олар қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға ғана емес, сонымен қатар студенттерге өз білімдерін іс жүзінде қолдануға бірегей мүмкіндік бере отырып, білім беру ортасын байытады.
Sustainability Living Lab бағдарламасын Шеврон компаниясының қолдауымен Тұрақты Даму Офисі мен «National Conservation Initiative» Корпоративтік қоры бірлесіп жүзеге асырады.







