NU және ынтымақтастық мүмкіндіктері: Жәңгір хан университетінің ғалымдары NU-ға келді

Делегацияны осы қазақстандық университеттің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшидин басқарды. Қонақтарды NU-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дархан Біләлов күтіп алып, университет кампусының бас жоспарымен таныстырды және ғалымдарды NU-дың жоғары функционалдық зертханаларына баруға шақырды.

Делегацияны осы қазақстандық университеттің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшидин басқарды.

Қонақтарды NU-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дархан Біләлов күтіп алып, университет кампусының бас жоспарымен таныстырды және ғалымдарды NU-дың жоғары функционалдық зертханаларына баруға шақырды.

Сапар барысында ғалымдар Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің – Құрылыс материалдары және топырақ механикасы академиялық зертханаларында болды, онда студенттер күріш қауызын пайдаланып бетон қоспаларынан, керамикадан түрлі бұйымдар жасайды.

ISSAI зерттеушілері жасанды интеллект саласындағы соңғы жобаларын көрсетті. Олардың ішінде бірінші автоматты түрде сөйлеуді танудың (ASR) моделі, қазақ мәтінін сөйлеуге түрлендірудің алғашқы корпусы (KazakhTTS). Ғалымдар, әсіресе, жоғары функционалды электронды микроскопиялық зертхананың мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты, мұнда молекулалық деңгейде материалды зерттеуге мүмкіндік беретін екі бірегей электронды микроскоп бар.

Сапар соңында NU-дың Ұлттық зертханасының (National laboratory Astana) жас ғалымдары әріптестерге геномдық және дербестендірілген медицина саласындағы жобалары туралы айтып берді. Делегация оларға көңіл бөлген үшін алғысын білдірді және NU ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін зерттеуге және олардың коммерцияландыру мен зерттеулердегі тәжірибесін үйренуге ниет білдірді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53