Назарбаев Университетінде Мектеп Директорларының Республикалық форумы өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Назарбаев университетінің базасында Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. TEDx форматындағы интерактивті сессияға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Назарбаев университетінің базасында Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

TEDx форматындағы интерактивті сессияға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Еліміздің бас ұстазы отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есе өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысы 30%-ға өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», — деді Ғани Бейсембаев.

Кездесуге Астана қаласы мен Қазақстанның төрт солтүстік облысындағы орта білім беру ұйымдарының бір жарым мыңға жуық басшысы қатысты. Назарбаев Университетінің базасында олар үшін диалог алаңы ашылды.

«Бұл маңызды Форум Назарбаев Университетінің қабырғасында өтіп жатқаны біз үшін аса маңызды әрі айрықша болып табылады. Біздің Университет Қазақстандағы жоғары білім саласындағы инновациялар мен дамуды қолдай отырып, білім беруді үнемі жетілдіруге ұмтылады. Бұл Университеттің әлемдегі ең үздік 501-600 университеттер қатарында лайықты орын алып, Times Higher Education WAR беделді рейтингіне енгенін көрсетеді. Біз осындай маңызды білім беру іс-шарасының алаңы болғанымызды мақтан тұтамыз», — деп атап өтті NU вице-президенті Кадиша Даирова.

NU-да жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Сонымен қатар, NU-дың Студенттерді қабылдау департаментінің директоры Жазықпаева Айжамал мектеп директорларына NU-ға қабылдау ережелері туралы айтып, мықты студенттер дайындағаны үшін алғысын білдірді. Директорлар Астанадағы форумның Назарбаев университетінде өтуіне ерекше ризашылықтарын білдірді.

“Бүгін өте қуаныштымыз. Бүгінгі күрделі маңызды іс-шара осындай ғимаратта — Назарбаев Университетінде өткеніне қуаныштымыз. Форум барысында өте көп мәлімет алдық. Қостанай облысы бойынша айтсақ 2023 жылының түлектерінен 20 бала Назарбаев Университетіне түсті. Жылдан жылға осында түсетін түлектер көбейіп жатыр”, деді Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы орынбасарының м.а. Исмурзина Қарлыға.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстары мектептерінің директорларымен кездесулер өткізген болатын. Форум еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53