Баспасөз мәлімдемесі

2023 жылдың 2 ақпанында Назарбаев Университетінің студенті өзінің TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында студенттердің әлеуметтік желілерде кибер қудалау нысандарын қолдануының ықтимал жағдайлары туралы бейне хабарламасында шағымданды. Аталған хабарламалар 2022 жылдың наурыз айында Telegram чатында жіберілді.

2023 жылдың 2 ақпанында Назарбаев Университетінің студенті өзінің TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында студенттердің әлеуметтік желілерде кибер қудалау нысандарын қолдануының ықтимал жағдайлары туралы бейне хабарламасында шағымданды. Аталған хабарламалар 2022 жылдың наурыз айында Telegram чатында жіберілді. Бұл студенттермен жасалған және пайдаланған Telegram чат қазір жоқ.

Назарбаев Университеті қорлаудың, кемсітудің және қудалаудың барлық түрлерін айыптайды. Жарияланған бейнероликтің мазмұны университет басшылығына жеткізіліп, қызметтік тексеру басталды. Нәтижелері тексеру аяқталған соң хабарланады.

Университет зорлық-зомбылықтың, қудалаудың және қорлаудың алдын алу бойынша белсенді жұмыс істейді, зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» саясатын ұстанады және кампуста зорлық-зомбылықтың кез келген түрін болдырмау бойынша кешенді шараларды жүзеге асырады. Университетте сенім телефондары жұмыс істейді. Сонымен қатар, NU студенттеріне медициналық, психологиялық және әкімшілік көмек қолжетімді.

Қосымша сұрақтар бойынша университеттің баспасөз қызметіне pressa@nu.edu.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53